24 маусым 2016 12:13

ІІМ Ақтөбедегі теракт бойынша жалған бағыттама таратқандарды іздестіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлеуметтік желілерде таралған "бағыттамалар" © Әлеуметтік желілерде таралған "бағыттамалар"

ҚР ІІМ криминалдық полициясы мен өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері Ақтөбедегі теракт бойынша жалған бағыттама таратқандарды және терактке қатысы бар делінген адамдардың суреттерін жариялағандарды іздестіріп жатыр. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz тілшісіне айыптылардың жазаланатынын айтты.


ҚР ІІМ криминалдық полициясы мен өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері Ақтөбедегі теракт бойынша жалған бағыттама таратқандарды және терактке қатысы бар делінген адамдардың суреттерін жариялағандарды іздестіріп жатыр. ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев Tengrinews.kz тілшісіне айыптылардың жазаланатынын айтты.

"ҚР ІІМ криминалдық полициясы мен өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Айыптылар міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Сәдубаев.

Сонымен қатар, Ақтөбедегі мектеп оқушысының теракт жасаған күдіктілердің тізімінде болуы да тексеріліп жатыр. "Ақпарат құралдары Ақтөбеде теракт жасағандардың тізімінде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы орта мектебі түлегінің суретін жариялаған болатын. Тексеріс барысында Интернетте жарияланған суретте 1999 жылы 25 наурызда дүниеге келген Сағынған Сейітқали Мұратұлы екені анықталды. Айта кетейік, бұл азамат есепте тіркелмеген, теракт бойынша жалған бағыттамаларды таратқандарға еш қатысы жоқ", - деді ішкі істер министрлігіндегілер.

"1981 жылы дүниеге келген Ақтөбе қаласының тұрғыны да осы қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде қатысып жатыр. Ал 11-сынып оқушысы Сағынғали Сейітқали мен оның ата-анасы істі ресми түрде қараудан бас тартып отыр", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт жасаған күдіктілердің тізімінде 11-сынып оқушысы бар болып шыққан еді. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнасай ауылының орта мектебінде 11-сыныпта оқитын Сағынған Сейітқали өзін Ақтөбедегі терактке қатысы бар күдіктілердің тізімінен тауып алған. Тізімді белгісіздер Интернетте 5 маусымда таратқан. Кейін тізім көлік және коммуникация колледжінде де ілініп, бұл оқу орнына түскісі келген түлек сол жерден өзін көріп қалыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети