04 ақпан 2019 18:17

ІІМ Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өртке оранған үйдің маңында сол отбасының туыстары болған. Олардың айтуынша, олар түнгі сағат 2-лерде балалар ұйықтап жатыр ма, жоқ па - қарап көрген.

Сағат 02.34-те көршілерінен Астананың өрт сөндіру байланыс орталығына хабар келіп түскен. 

"Бірден өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жұмылды. Екі минуттан соң барлық жедел қызмет хабардар болды - жедел жәрдем, полиция қызметкерлері. Өрт сөндірушілер 7 минутта барды", - дейді Ильин.

Сағат 02.45-те өрт сөндіру барысында ағаштан жасалған бөлігі қирап кеткен.

Сағат 02.53-те бес баланың мәйіті табылды.

Юрий Ильиннің айтуынша, олар үйдің шатыры құлағанда балалар ес-түссіз жатқан.

Сағат 03.06-да өрт ауыздықталып, сағат 03.24-те толықтай сөндірілді.

"Тергеу мәліметінше, балалардың әкесі 1984 жылғы, техникалық қызмет көрсету орталығында жұмыс істейді. Кешкі уақытта үйде от жаққан. Кейінірек оны жұмыс берушісі жедел түрде шақыртып алған. Ал анасы сол түні жұмыста түнгі ауысымда болған", - деді Ильин

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Астанадағы қайғылы оқиға: Бес баланың өмірін жалмаған өрттің мән-жайы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети