06 маусым 2016 15:27

ІІМ басшысы Ақтөбедегі жағдайды баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысы Ақтөбедегі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қасымов үкіметтегі жиында айтты.


ІІМ басшысы Ақтөбедегі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қасымов үкіметтегі жиында айтты.

"Қарақшылық шабуылдарға қатысқан қалған қылмыскерлердің барлығының аты-жөні анықталды және оларды іздеу және ұстау бойынша шаралар жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимі енгізілді, қалада жағдай тұрақты және бақылауда. Қоғамдық көлік бақылауда. Ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген қызметке көшті. ІІМ жергілікті органдармен бірге қаза тапқандардың отбасыларына және Ұлттық гвардияның жарақат алған әскерилерінің және полиция қызметкерлеріне көмек көрсету бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Қалған қылмыскерлерді іздеу бойынша шараларды тұрақты түрде хабарлап тұрамын", - деді ІІМ басшысы.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети