ПОДЕЛИТЬСЯ
09 шілде 2019 | 12:56
ІІМ басшысы қолшатыр ұстағандар жайлы не деді?
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолшатыр ұстаған және митинг кезінде серуендеген ер адамдар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолшатыр ұстаған және митинг кезінде серуендеген ер адамдар жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Журналистер ІІМ басшысына қолшатыр ұстап, олардың жұмысына кедергі келтірген белгісіз ер адамдар жайлы айтты.
"Арыз жазыңыздар, біз анық-қанығына жетеміз. Бұл күні серуендеп жүргендер көп болды. Көшеде серуендеп жүрген адамдар көп болды. Мен тағы да қайталап айтамын, осыған дейін біз де Бас прокуратурада рұқсат етілмеген митингілердің заңсыздығы жайлы айттық. Бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескерттік. Қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырдық. Белгіленген жерлерді де атап өттік", - деді Тұрғымбаев.
6 шілдедегі митингіде 100-ден аса адам ұсталды - ІІМ
Айта кетейік, 6 шілдеде, мереке күні, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады.
Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады.
Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген. "Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.
Показать комментарии
Читайте также