Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

ІІМ басшысы көшеде дәрет сындырған полицей жайлы: Бұл оқиға полицияны сипаттамайды

05 Қазан 2016, 13:03
1

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда көшеге дәрет сындырған полицейдің оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің пікірінше, бұл оқиға полициядағылардың барлығы осындай екенін көрсетпейді.

"Әрине, жақсы жағдай емес. Бұл мәселе тәртіптік комиссияда талқыланды. Полицей беделін түсіргені үшін жұмыстан шығарылды. Сәйкесінше барлық полиция қызметіне қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз қажетті шараларды қолданамыз (...).", - деді министр.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде көшеге дәрет сындырған полицейдің суреті пайда болған еді. Содан полиция қызметкерлері дәрет сындырған полицейді анықтады. Кейінірек дәрет сындырған полицейдің жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай