07 желтоқсан 2017 12:07

ІІМ басшысы полицейді көлік қағып кеткен оқиғаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалмұхамбет Қасымов © Тұрар Қазанғапов Қалмұхамбет Қасымов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Астана орталығында полицейді қағып кеткен жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Астана орталығында полицейді қағып кеткен жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 5 желтоқсанда Астанада Lexus жүргізушісі жол реттеуші полицейді қағып кеткен болатын. Полицей дене жарақатын алып, ол ауруханаға жеткізілген еді.

ІІМ басшысының айтуынша, жол реттеушілерге арнайы таяқшаларды қайтарудың қажеті жоқ.

"Ол жол реттеуші ғой. Бұл жүргізушінің кінәсі. Қайтарудың қажеті жоқ. Меніңше, бұл әлемдік тәжірибе. Таяқшаларды қайтарудың керегі жоқ", - деді министр Қасымов Парламент Сенатының жалпы отырысында

Осыған дейін полициядағылар Мәңгілік ел даңғылы мен Бұхар жырау көшесінде болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, жүргізушінің полицейді қағып кеткен сәті түсірілген видео пайда болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети