14 маусым 2017 12:07

ІІМ басшысы такси жүргізушілерінің бағаны көтеруіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы такси жүргізушілерінің бағаны көтеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астанадағы такси жүргізушілерінің бағаны көтеруіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің сіздерге айтайын, бұл такси жүргізушілері ұйымдарға қызмет көрсетумен айналысады. Болған деректердің барлығын тексеріп, нақтылаймыз және сол такси жүргізушілеріне қатысты шара қолданамыз. Сіздер Венгрия азаматын әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге жеткізген жүргізушінің жұмыстан қуылғанын білесіздер. Ал екінші жүргізушімен айналысатын боламыз", - деді министр халықпен өткен кездесу барысында.

Еске салайық, Венгрия азаматын әуежайдан қалаға жеткізген астаналық такси жүргізушісі алдап кеткен еді. 6 маусымда 14.00-де полицияға Венгрия азаматы шағым түсірген, ол белгісіз такси жүргізушісінің алаяқтық жолмен 40 000 теңге иемденіп кеткенін айтқан. Ал кейін такси жүргізушісі шетелдіктің ақшасын қайтарып берген болатын. 

Ал кеше такси жүргізушісінің жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети