28 желтоқсан 2019 11:14

ІІМ Bek Air ұшағы апатының бірнеше себебін қарастырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы облысы Гүлдала ауылы маңында апатқа ұшыраған Fokker-100 жолаушылар әуе кемесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматы облысы Гүлдала ауылы маңында апатқа ұшыраған Fokker-100 жолаушылар әуе кемесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ІІМ ұшақтың апатқа ұшырауына әкеп соққан себептер мен жағдайларды сапалы және объектив тексеру жүргізеді. Тергеу барысында барлық құжат, аудио және бейнежазба зерттеледі. Әуе кемесінің жай-күйіне бірқатар сараптама тағайындалды", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев,

ІІМ басшысы тергеушілер әуе апатының алдындағы барлық оқиғаның хронологиясын қалпына келтіру керегін атап өтті. Осы мақсатта қызметкерлер ұшуды ұйымдастыру мен өткізуге қатысатын барлық жердегі және авиациялық қызметтердің жұмысын тексереді, жауапты тұлғалардан жауап алынады және осы рейстің жолаушыларына сауалнама жүргізіледі.

Бүгінде ұшу-қону жолағына тексеру жүргізіліп, әуе кемесінен өздігінен жазғыш пен борт журналы алынған. Қазіргі уақытта ұшақтың құлаған аймағы тексеріліп жатыр. 

Халықаралық талаптарға және осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне сәйкес оған халықаралық авиация комитетінің (МАК) және ұшақты дайындаушы зауыттың өкілдері қатысады, олармен бірге алып қойылған өздігінен жазушылардың мағынасын ашу, әуе кемесінің қозғалтқышы мен оқиға орнында тексеру жүргізіледі.

Апатқа ұшыраған әуе кемесі 1996 жылы Голландияда Fokker зауытында құрастырылып, 2020 жылдың 21 мамырына дейін ұшу жарамдығы сертификатына ие болғаны анықталды.

Жедел-тергеу тобы бірнеше нұсқаны, соның ішінде кеменің техникалық ақауын, ауа райы және метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ұшу кезінде жіберілген ықтимал қателерді пысықтайды.

28 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласының медицина мекемелерінде 47 науқас жатыр, оның ішінде 9 бала стационарлық емдеуден өткен. Зардап шеккен төрт адамға медициналық тексеруден кейін амбулаторлық ем тағайындалып, үйіне жіберілген. Қаза болғандардың саны өзгерген жоқ (12 адам).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети