13 шілде 2016 11:07

ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің экс-басшысы сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ІІМ Департаментінің экс-басшысы сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың №2 Алматы сотында ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басшысы Қайрат Аманқұловқа қатысты сот өтіп жатыр.


ІІМ Департаментінің экс-басшысы сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың №2 Алматы сотында ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басшысы Қайрат Аманқұловқа қатысты сот өтіп жатыр.

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің өкілдері Аманқұловқа 136 миллион теңге жымқырды деген күдік келгенін айтқан еді. 

Ал 2015 жылдың қарашасында Қайрат Аманқұловқа қатысты үйқамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын. 

Сот алдына Қайрат Аманқұловтың бұрынғы орныбасары - Жүсіп Мұсалдин мен ведомствоның тағы бір қызметкері Киікбай Тәжмағамбетов келді.

Антикоррупциялық ведомствоның өкілдері осыған дейін қылмыстық істің мемлекеттік сатып алулар өткізуде қызметтік өкілін асыра пайдалау дерегі бойынша тергелгенін айтты. Шығын көлемі - 136 миллион теңге. 

"Заңсыз әрекеттер 2012 жылы криминалдық техниканы қымбатқа сатып алу мен талапқа сәйкес болмауына байланысты болып отыр", - деген еді осыған дейін Антикоррупциялық ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

56 жастағы Қайрат Аманқұлов ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің басшысы қызметіне 2011 жылдың шілдесінде келген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети