16 маусым 2014 20:03

ІІМ жол көлік оқиғасының басты себептерін атап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото 112.ua сайтынан алынды Фото 112.ua сайтынан алынды

Қазақстанның ІІМ жол көлік оқиғасының басты себептерін атап берді. Осы негіздегі Tengrinews.kz жолдаған сауалға министрліктің әкімшілік полиция комитетіндегілер жауап берген.


Қазақстанның ІІМ жол көлік оқиғасының басты себептерін атап берді. Осы негіздегі Tengrinews.kz жолдаған сауалға министрліктің әкімшілік полиция комитетіндегілер жауап берген.

"Жол көлік оқиғасының жиілеп кетуінің басты себебі - жол ережесін өрескел бұзушы көлік жүргізушісінің жүгенсіздігі. Елімізде орын алған жол көлік апатының барлығын алып қарастырсаңыз, 70 пайызына дерлік жүргізуші кінәлі болады" - дейді ведомстводағылар. 

Комитет келтірген деректерге қарасақ, биылғы жылдың 5 айы барысында републикамыздың жолдарында 8 мың адамды жаралап, 773 кісі өліміне әкеп соққан 6 мыңнан астам жол көлік апаты тіркелген. Жол көлік апаты Павлодар облысында 25 пайызға, Астанада 19,5 пайызға, Алматыда 18 пайызға, Алматы облысында 12 пайызға өскен. Жол көлік апаты салдарынан көз жұмған адамдар саны Шығыс Қазақстан облысында 13 пайызға артқан.

Сондай-ақ комитеттегілер басты себептердің бірі ретінде шағын елді мекендерде көлікті шектеулі жылдамдықтан асырып жүргізуді айтып, оның үлесі 18,6 пайыз екендігін және 2014 жылы осындай 1297 дерек тіркелгендігін жеткізді. Елді мекендерден тыс жерде жылдамдық ережесін бұзу 6 пайызды құрайды, ал бұрылысқа қатысты нормаларды бұзу 13 пайызды қамтиды (ЖКО-902). Ал қарсы бағыттағы жолға шығып кетуден 545 апат болған (7,8%), бұл - өткен жылғымен салыстырғанда 18 пайызға төмен көрсеткіш. Ал жаяу жүргіншілерге қатысты 512 немесе 7,3 пайыз жол ережесін бұзу дерегі тіркелген.

Комитеттегілер орын алған жол көлік оқиғасына басты қосалқы себеп жол сапасының жағдайы екенін де айтады. 2013 жылы әрбір жетінші жол көлік оқиғасы республикалық және халықаралық маңызы бар трассаларда болып, 5 мың адам жарақаттанып, 1236 кісі өліміне әкеп соққан 3 мың жол көлік апаты тіркелген. Халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың әрбір мың шақырымы сайын орташа есеппен республика бойынша 128 жол көлік апаты болған.

Сондай-ақ халықаралық және республикалық маңызы бар жолдарда ең ауыр жол көлік апаттары тіркелген.

"Бүгіндері көлік жолдарының сапасы жақсарып келеді, алайда оның ені бұрынғыдай 7-7,5 метр күйінде қалуда, яғни екі жолақты жол қозғалысын ғана қамтиды. Ал жыл сайын көлік ағымы еселеп өсуде" - дейді комитеттегілер. 2009 жылы көлік қозғалысына арналған 6 жолағы әрі бір-біріне жақындатпайтын қоршауы бар "Астана-Бурабай" көлік жол учаскесі іске қосылған болатын. 2009-2011 жылдары аралығында мұнда жол көлік оқиғасы 3 есеге қысқарып, жараланғандар 2 есеге, қаза тапқандар 5 есеге (50-ден 10-ға дейін) кеміген. Ал жыл басынан бері аталған көлік жолында 12 жол көлік оқиғасы тіркелген, 14 адам жарақат алған, ал көз жұмғандар тіркелмеген.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети