12 қараша 2014 18:39

ІІМ қонақүйлерге келген шетелдіктер туралы хабар беруді міндеттейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews иллюстрациясы © Тengrinews иллюстрациясы

Ішкі істер министрлігі қонақ үйге орналасқан шетелдіктер туралы хабарлауды қонақүй қызметкерлеріне міндеттеуді көздейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР ІІМ Көші-қон полициясының департамент басшысы Серік Сайыновқа сілтеме жасап.


Ішкі істер министрлігі қонақ үйге орналасқан шетелдіктер туралы хабарлауды қонақүй қызметкерлеріне міндеттеуді көздейді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР ІІМ Көші-қон полициясының департамент басшысы Серік Сайыновқа сілтеме жасап.

Саиновтың айтуынша, Қазақстан біржақты тәртіппен 2014 жылдың 15 шілдесінен бастап, 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін Ұлыбритания, Италия, Малайзия, Нидерланды, АҚШ, БАЭ, Франция, ГФР, Оңтүстік Корея, Жапония азаматтарының Қазақстан аумағында визасыз 15 күн болуына құқық беретін ереже енгізген.

Мәжіліс қабырғасында өткен көші-қон мәселелері туралы дөңгелек үстел барысында, Сайынов "шетел азаматтарының ел аумағына визасыз кіруі белгілі бір дәрежеде қиындықтар туындатады. Олар Қазақстан аумағына келген соң бақылау қиын. Салдарынын тиісті мемлекеттік органдар шетел азаматының қай жерде жүргені туралы ақпарат ала алмайды", - деп мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, біздің елде шетелдіктерді тіркеуге алу жауапкершілігі оларды шақыртқан азаматтарға немесе мекемелерге жүктелген. "Алайда соңғы өзгерістерге орай шетел азаматтары ешқандай шақыртусыз-ақ келе береді. Көп жағдайда олар қонақ үйлерге орналасады. Ал қонақүйлер оларды шақырушы болып саналмайды, сондықтан олар шетел азаматтарының тіркелуіне және дер кезінде ел аумағынан шығып кетуін қамтамасыз етуге жауап бермейді. Осыған орай біз заңды тұлғаларға қонақ үйге орналасқан шетел азаматтары туралы ішкі істер органдарына дер кезінде хабар беруді заң жүзінде міндеттеуді қарастырып жатырмыз", - деп қосты Сайынов. Сонымен қоса ол осындай заң жобасының жыл соңына дейін Парламентке ұсынылатынын жеткізді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети