25 мамыр 2017 17:54

ІІМ өкілдері балалардың үйден неге қашатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© album.foto.ru © album.foto.ru

ҚР ІІМ өкілдері кәмелетке толмаған балалардың үйлерінен қашып кетуіне ненің себеп болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ өкілдері кәмелетке толмаған балалардың үйлерінен қашып кетуіне ненің себеп болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтің айтуынша, биыл жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері іздеуде болған 119 баланы үйлеріне қайтарды.

"Іздеуде болған балалардың басым бөлігі жағдайы төмен отбасылардан және мектеп-интернаттардан шыққан, сондай-ақ, олар үйден өз еркімен қашып кетіп жатады. Ата-аналарынан кетіп қалуына олардың жүйелі түрлі алкоголь ішімдіктерді пайдалануы себеп болып тұр", - деді Алмас Сәдубаев.

"Жастар түрлі сайттарға кіріп, танысып, кездесулерге барып жатады. Осылайша, үйден кетіп қалады. Мұндай жағдайларда оларды іздестіру қиындық туғызады", - деді ол.

Сондай-ақ, ведомствоның ресми өкілі балалар жоғалып кеткен жағдайда бірден жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарласуды сұрайды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети