21 мамыр 2016 15:34

ІІМ өкілдері ел өңірлерінде адамдардың жаппай ұсталу себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

ҚР ІІМ бүгін, 21мамырда Қазақстан өңірлерінде адамдарды жаппай ұстау себебін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ бүгін, 21мамырда Қазақстан өңірлерінде адамдарды жаппай ұстау себебін түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіздер білесіздер, бір топ адам "Бәйтерек" монументі жанында митинг өткізу туралы өтініш берді, дегенмен әкімдік рұқсат бермеді. Осылайша, азаматтардың бүгінгі ісі толықтай рұқсат етілмеген шеруге шығу болды. Рұқсат етілмегеннен кейін құқық қорғау органдары, прокуратура қызметкерлері митингке рұқсат етілмегенін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Интернетте бақылау жүргізілді, дегенмен шеру өткізуге рұқсат берілмеуіне қарамастан, азаматтар Интернет арқылы халықты шеруге қатысуға шақырды. Интернетте жариялаған хабарламаларынан олардың жер мәселесі қызықтыра қоймайтынын аңғаруға болады", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха Астанада өткен брифинг кезінде.

"(...) Бүгін біз митинг өткізбеу үшін жұмыс істедік. Біздің қызметкерлер адамдарды ұстағаннан кейін куәліктері тексеріліп, шеруге шығу мақсаттары анықталып, олар үйлеріне жіберілді. Иә, өкінішке қарай олардың арасында журналистер де болды. Бұл абайсызда болды деп ойлаймын. Түсініспеушілік болды. Ары қарай біз қызметкерлеріміздің әрекетін талқылап, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін жұмыс істейміз", - деді ол.

Әкімшілік полиция комитетінің басшысы 21 мамыр күні республика бойынша неше адамның ұсталғаны туралы да сұраққа жауап берді.

"Қазір нақты айта алмаймын, біз мұны сараптап жатырмыз. Айта кетерлік бір жағдай, елде рұқсат етілмеген шеру болған жоқ, полициямен жанжал болған жоқ, қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Толығырақ ақпаратты кейін береміз", - деді.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Кравченко еліміз бойынша 40-қа жуық адамның не себепті ұсталғандарын түсіндіріп берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети