Ішкі істер министрлігі өз қатарындағы парақорларға соғыс ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі өз қатарындағы парақорларға соғыс ашты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, биыл 307 қызметкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған, оның 170-і сыбайлас жемқорлыққа байланысты. Әр түрлі деңгейдегі 74 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 52-сі - сыбайлас жемқорлық үшін.
"Қызметкерлер алаяқтық, парақорлық, қызметтік бабын асыра пайдалану, деректерді бұрмалау және басқа да қылмыстар үшін жауапқа тартылады. Осы жерде басшылардың жекелей жұмысы өте маңызды, алайда олар қылмыстың алдын алу үшін ешбір шара қолданбайды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.
Мысалы, Қызылорда облыстық ҚАЖД басшысы сыбайлас жемқорлықпен ұсталған орынбасарының кесірінен жұмыстан босатылды. Атырау және Жамбыл облысында полиция департаменті басшыларының орынбасарлары өз қарамағындағы жасақтардың басшылары сыбайлас жемқорлық бойынша ұсталғаны үшін жұмыстан кетті.
"Этика нормаларын бұзатын басшыларға қатысты да қатаң шаралар қабылданады. Қостанай облысында полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі қызметте мас күйінде болғаны үшін жұмыстан босатылды, екіншісі бағынышты адамды қорлағаны үшін қызметінен кетті", - деп толықтырды министрлік өкілдері.
Бірқатар өңірлерде сыбайлас жемқорлық схемалары, оның ішінде кадр мәселелерімен байланысты, Мемлекеттік сатып алу саласындағы және басқа да мәселелер бойынша тексерулер жүзеге асырылады.
"Барлығымыз халыққа қызмет етеміз. Азаматтарымыздың шыдамы таусылды. Талқылау уақыты аяқталды. Полиция қатарында сенім мен билікті теріс пайдаланғандарға орын жоқ. Мундир абыройына нұқсан келтіретіндерге орын жоқ. Мен барлығынан - қатардағылардан бастап генералдарға дейін өз халқының игілігі үшін жұмыс істеуді талап етемін!" - деген еді ІІМ басшысы аумақтық полиция, ТЖ және ҚАЖ департаменттерінің басшыларымен селекторлық кеңесте.
Бұл міндет жеке қауіпсіздік қызметтерінің және кадр саясатының жаңа басшылығының алдына қойылды.
"Кадрлар жұмысындағы жаңашылдықтардың бірі - Ішкі істер министрлігінің Кадрлар комиссиясында жоғары лауазымдарға үміткерлерді міндетті түрде әңгімелесу арқылы қабылдау. Бұл меритократия мен бәсекелестік қағидаттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар резервте тұрған барлық кандидаттар процестің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, ең жақсысын анықтайды", - деп толықтырды баспасөз қызметінің өкілдері.
Ішкі қауіпсіздік департаментінің бастығы сыбайлас жемқорлық схемалары мен "адал емес" қызметкерлерді анықтауды қоса алғанда, ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел-аналитикалық жұмыстарда айтарлықтай тәжірибеге ие екендігі атап өтілді.
"Ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ымырасыз болады. Сондықтан мен азаматтарды шетте қалмауға және ішкі істер министрлігіне қызметкерлеріміздің жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының барлық фактілері туралы хабарлауға шақырамын. Әр жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады", - деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты министрдің блогындағы dial.egov.kz порталына хабарласу немесе Министрліктің Ішкі қауіпсіздік департаментіне (сенім телефоны: 1402) қоңырау шалу арқылы немесе жеке Facebook және Instagram парақшаларында КҚД басшысына хабарлама жіберу арқылы білуге болады. Анонимділікке кепілдік беріледі.