15 мамыр 2014 14:18

Мәдениет министрлігінде қадрлық ауыс-түйістер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанай Омаров. ©tatarstan.ru Жанай Омаров. ©tatarstan.ru

Қазақстанның Мәдениет министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің сайты хабарлады.


Қазақстанның Мәдениет министрлігінде кадрлық ауыс-түйістер орын алды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің сайты хабарлады.

Еске сала кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігі Байланыс және ақпарат агенттігі құрылғаннан кейін Мәдениет министрлігі болып қайта құрылған болатын. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымдарын атқарған Жанай Омаров пен Асқар Бөрібаев Үкімет қаулысымен Мәдениет вице-министрлері болып тағайындалды.

Жанай Сейітжанұлы Омаров 1955 жылы Алматы қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, философия ғылымының кандидаты.1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген. 1980-1997 жылдар аралығында еліміздің жоғарғы оқу орындарында (ҚазПТИ, ҚазМУ) оқытушылық және ғылыми қызметтермен айналысты. 1998 - 1999 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, "Имидж-Успех" ақпараттық-талдау орталығының бас директоры, ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының үгіт-насихат тобының жетекшісі - Баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 1999 - 2001 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры, 2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті. 2004-2007 жылдары "ҚазАқпарат" ҰК" АҚ президенті, 2007-2008 жылдары "Қазақстан Тудэй" агенттігі" АҚ баспа үйінің бас директоры, "Караван" газетінің бас редакторы болды. 2008-2011 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы шілде айынан бастап "Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 2014 жылдың 15 қаңтарында ол Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды.

Бөрібаев Асқар Исмайылұлы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген. 1979-1988 жж. - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында оқытушы, аға оқытушы, доцент; 1988-1991 жж. - Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония солисі; 1991-2002 жж. – "Солист Патры" (Греция) оркестрінің солисі әрі дирижері және сонымен қатар Афины консерваториясының профессоры. 2002-2006 жж. - "Демалыс" қазыналық кәсіпорын директоры, Астана қаласы мәдениет департаментінің директоры. 2006 жылдан 2007 жылдың наурыз айына дейін - Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы. 2007-2008 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008 жылдың наурыз айынан бастап 2008 жылдын қыркүйек айына дейін Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайының директоры. 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2010 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі лауазымында қызмет атқарған. Асқар Исмайылұлы мәдениет саласындағы өзінің қызметі барысында ішекті аспаптар квартетін, "Кончертоне" камералық оркестрінің негізін қалаған, "Сон в летнюю ночь" атты классикалық музыка, джаз музыкасының "Астана блюз", "Сарыарқа" халықтық музыка, халықтық би өнеріне арналған "Қос алқа" және "Театр әлемі" секілді фестивальдердің ұйымдастырушысы. Әлемнің 30 елінде концерттік бағдарламамен өнер көрсеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети