Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы ауысты

22 Сәуір 2014, 20:34
0
Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы ауысты - Қуатжан Уәлиев. Фото primeminister.kz сайтынан алынды
Қуатжан Уәлиев. Фото primeminister.kz сайтынан алынды

Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы болып Қуатжан Уәлиев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Бұған дейін Уәлиев "А" корпусының мамандар резервінде тұрған. Ол Алматыдағы Президент резиденциясында жетекшілік қызмет атқарды. Ал осы уақытқа дейін Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметін Жанна Құрманғалиева атқарған болатын.

Уәлиев 1966 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.   

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай