02 желтоқсан 2018 12:42

Мадридте Қазақ әдебиеті мен өнерінің орталығы ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметінен Сурет ҚР СІМ баспасөз қызметінен

Испания астанасында ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасында Қазақ әдебиеті мен өнер орталығының (Бұрышы) ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Испания астанасында ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасында Қазақ әдебиеті мен өнер орталығының (Бұрышы) ашылу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Константин Жигалов шетелде қазақ әдебиеті орталықтарын ашу жобасы қоғамдық сананы трансформациялау бойынша "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, Елші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты жуырдағы бағдарламалық мақаласы "Рухани жаңғыру" бастамасының жалғасы екендігін және Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын өзектендіруге ықпал ететініне назар аударды.

Іс-шараға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бас директоры У. Мұналбаева, AECID Мәдени және ғылыми байланыстар жөніндегі директоры М. Альберо, AECID кітапханасының директоры М.А. Гарсия Мартин, агенттіктің қызметкерлері, Испанияның жоғары оқу орындарының өкілдері, испан тіліндегі казақ поэзия мен прозасы «Антология» жобасының қатысушылары, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімнің қорытындылары бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Даму жөніндегі халықаралық ынтымақтастық бойынша испан агенттігінің (AECID) кітапханасы арасында әрекеттердің жалпы хаттамасына қол қойылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети