Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауына қанша қаражат жұмсалады

21 Қаңтар 2016, 11:03
6
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Мәжіліс және мәслихат депутаттары сайлауын өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде ол Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауын бірге өткізу 4,8 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

"Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауын бірге өткізу қазіргі экономикалық жағдайда дұрыс шешім болып отыр. Бұл бюджет қаражатынан 4,8 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Тұрғанқұлов.

ОСК мүшесі Владимир Фоос Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауын өткізуге 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге жұмсалатынын айтты.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәжілісін тарату туралы Қаулыға қол қойып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге рұқсат берді. Сайлау 2016 жылдың 20 наурызына бекітілді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай