02 қараша 2016 16:17

Мәжіліс Жер кодексіне енген өзгертулердің қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы заң жобасын жұмысқа қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tonykok.kz © Tonykok.kz

Мәжіліс "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын жұмысқа алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Айта кетейік, өзгертулер ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге  жалға және сатылымға беруге байланысты болып отыр.

"Аталмыш  заң жобасы Елбасының 2016 жылғы 18 тамызындағы №308 Жарлығы бойынша әзірленген болатын. Заң жобасының негізгі мақсаты - шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі 50 пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жер пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын берумен байланысты нормаларға қатысты бөлігі бойынша Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2  қарашадағы ҚР Заңының қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту болып табылады", - деді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сабыржан Омаров. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети