Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мәжіліс "Кәсіптік одақтар туралы" заң жобасын мақұлдады

30 Сәуір 2014, 12:12
0

Парламент Мәжілісі бүгін “Кәсіптік одақтар туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

“Жаңа заң жобасы кәсіподақ қозғалысының ұйымдық негіздері айқындау, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және осы үшін әлеуметтік әріптестіктің рөлін арттыру мақсатында әзірленген болатын. Бұл ретте қызметкерлер мүддесі өкілдігін білдіруде, келіссөздер жүргізу барысында кәсіподақтардың басым құқығын беру қарастырылып отыр”, - деді бүгін Мәжілісте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова. Министрдің айтуынша, жұмысшылардың мүдделерін білдіру үшін кәсіподақтар, олардың бірлестіктері, ал олар болмаған кезде жалпы жиналыста қызметкерлер ұсынған сайланбалы өкілдер кәсіподақ өкілдері бола алады.

Бұдан бөлек, заң жобасында әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың өкілеттігін ұлғайту, олардың функцияларын реттеу қарастырылады. Мысалы кәсіподақ қозғалысының республикалық деңгейінде әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы заң жобаларын қарап, ұйғарымдар дайындау, әлеуметтік еңбек даулары мен жанжалдарын болдырмау нормалары көзделіп отыр. Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік бойынша мүшелікке міндетті болатындығы да белгіленген.

“Яғни, кәсіподақтардың қызметін әлеуметтік әріптестіктің тиісті деңгейінде мүшелілік қағидатымен құру ұсынылып отыр. Бұл ретте кәсіпорындар бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің өкілі болып есептеледі. Ал бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлерінің мүдделерін өңірлік деңгейде қорғау үшін кәсіподақтардың өңірлік бірлестіктеріне бірігу құқығы беріледі. Ал мүддені салалық деңгейде қорғау үшін салалық кәсіподақтарға мүше ұйым ретінде кірігу ұсынылады”, - дейді министр Тамара Дүйсенова.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай