28 қыркүйек 2015 15:26

Мәжілісмен Бердоңғаров ҚР Парламентіндегі депутат кабинетін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Periscope трансляциясының кадрынан Periscope трансляциясының кадрынан

Мәжілісмен Тәңірберген Бердоңғаров өзінің жұмыс кабинетін көрсетіп, Қазақстан Парламенті депутаттарының жұмыстары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 28 қыркүйекте, сағат 13.00-де ол Periscope бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, өзіне жазылушылардың сұрақтарына жауап берді.


Мәжілісмен Тәңірберген Бердоңғаров өзінің жұмыс кабинетін көрсетіп, Қазақстан Парламенті депутаттарының жұмыстары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 28 қыркүйекте, сағат 13.00-де ол Periscope бағдарламасы арқылы тікелей эфирге шығып, өзіне жазылушылардың сұрақтарына жауап берді.

"Біз Парламент ғимаратындамыз, қазір сағат 13.00. Өздеріңіз білетіндей, түскі ас уақыты. Мен парламент асханасына бармай, сіздермен әңгімелесіп, сұрақтарыңызға жауап беруді жөн санадым", - деп сөз бастады депутат.

Кейін Бердоңғаров кабинетіне өтті. Оның айтуынша, бір қабатта мұндай 4-5 кабинет бар. "Міне кабинет... Екі бөлмеден тұрады - олардың бірінде көмекші отырады, - деп сөзін жалғады ол. - Мынау шкаф. Біз мұнда заң жобаларын, салыстырма кестелерді сақтаймыз. Өкінішке қарай, құжаттарды көбіне қағаз түрінде сақтаймыз. Ағаштарды аяймын, дегенмен біз біртіндеп электронды құжатқа өтіп жатырмыз", - деді Бердоңғаров.

Кейін ол өзінің жұмыс орнын көрсетті. Онда теледидар, компьютер тұр. Сонымен қатар, ол өзінің жеке ноутбугын және сымсыз интернет қолданатынын айтты. Оның айтуынша, Парламент ғимаратында Интернет байланысы өте әлсіз. "Интернет мұнда ұстамайды деп айтуға болады. Жалғыз артықшылығы - телефон арқылы кез келген номерге қоңырау шалуға болады. Дегенмен тексеріс жиі болады", - деді ол.



Periscope трансляциясының кадрынан

Мәжілісмен MNP енгізу мәселесіне қатысты да пікір білдірді. Ол мәселенің 2015 жылдың соңына дейін шешілетінін айтты.

"Мен мектептегі сабақтарды сағат 7.40-тан бастау туралы ұсынысқа қатысты өз ойымды айтқым келеді. Балалардың ұйқысы қанбайды, сондықтан да мен бұған қарсымын. Мұндай кезде білім алу жағдайы не болады? Оның үстіне үй тапсырмалары да ауыр. Біз әлеуметтік желілерде мектеп автобусын енгізуді қолға алу мәселесін талқыладық", - деді ол депутаттық өтінімін оқи отырып. Онда балалардың қауіпсіздігі және оларға ыңғайлы болу үшін автобус енгізуді қолға алудың тиімділігі айтылған. Дегенмен, ол өтінімнің әлі толық дайын болмағанын, сондықтан да Facebook әлеуметтік желісінің қолданушыларымен мұны әлі де талқылайтынын айтты.


Periscope трансляциясының кадрынан

Сонымен қатар, Бердоңғаровқа спорттың қандай түрімен айналысатыны туралы сұрақ қойылды. Ол бұған уақыттың жоқтығын, болған жағдайда достарымен кроссфит ойнайтынын айтты. "Парламент ғимаратында да спортзал бар. Бірақ онда құрылғылар өте аз әрі байланыс жоқ", - деді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков Парламенттің асханасындағы ас мәзірін көрсеткен болатын. Мәзірде салаттардың бағасы - 113-170 теңге, саңырауқұлақ және харчо сорпасы - 178-263 теңге, ал екінші асқа берілетін ыстық тамақтар 228-455 теңге аралығында екен. Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай арзан бағаны еліміздегі мектептердің асханасынан табудың өзі қиын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети