23 маусым 2015 14:11

Мәжілісмендер Алматыдағы қаңғыбастардың мекенінен шошыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжілісмендер Алматыдағы қаңғыбастардың мекенін көріп шошып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен "Нұр Отан" партиясы фракциясының жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында қылмыстық жазаға тартылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі және интеграциясының мәселелері талқыланды.


Мәжілісмендер Алматыдағы қаңғыбастардың мекенін көріп шошып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті мен "Нұр Отан" партиясы фракциясының жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында қылмыстық жазаға тартылған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі және интеграциясының мәселелері талқыланды.

"Олар қаңғыбастар, белгілі бір деңгейде зиян келтіреді. (...) Статистикалық мәліметтер бойынша, олар үйсіз болғандықтан бұрынғы камераластарымен бірге тұруға мәжбүр болады немесе қаңғырып өмір сүру салтын ұстанады. Біз ешқашан бізде мынадай үйсіздер бар, қаңғыбастар бар дегенді естіген жоқпыз. Біз Гүлнәр Мұстахимқызы, Дариға Нұрсұлтанқызы және мен Алматыға сайлаушылармен кездесуге бардық және қаңғыбастардың мекенін көрдік. Ол жердегілердің басым бөлігі бұрын отырып шыққандар, шығып, тығырыққа тірелгеннен кейін дейік, сол жерде тұрып жатыр, жағдай нашар, біз бәріміз таңғалдық және шошыдық", - деді депутат Айткүл Самақова мәселені талқылау барысында.

Депутат қазіргі таңда Қазақстанда бостандығынан айырылғандардың орнын босатқан адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қор құру мәселесін қарауды жөн деп санайды. "Қылмыстық жаза сотталушылардың агрессиясын арттырады. Сондықтан жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп шыққандарға жаңа қылмыс жасамаулары үшін әлеуметтік бейімдеу және интеграция қажет. Ұзақ уақыттан кейін олар сотталғанға дейінгідей емес, мүлдем басқа болып қоғамға оралады. Олар абыржып, өмірді неден бастауды білмейді. Өкінішке қарай, ондай адамдар көп", - деді депутат отырысқа қатысқан ІІМ мен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдеріне.

"Біз көптеген адамды жоғалтып жатырмыз және олардың кім екені түсініксіз, олар өздері тұрып жатқан қоғамда әлеуметтік жауызға айналады. Жұмыс берушілердің бұрын сотталғандарды жұмысқа алғылары келмейтіні жасырын емес", - деді депутат Самақова, сонымен қатар, ол сотталғандардың жазасын өтеу барысында орташа мамандандырылған білім алып немесе қайта дайындаудан өтулері тиіс екенін айтты.

"Менде бар мәліметтер бойынша, жартысы (сотталғандар мамандықты оқытудан өтеді - Авт.) ғана, ал қалғандары әрекеттенбейді. Міне осы нағыз мемлекеттік органдардың жұмысы - жұмыспен қамту және олар бостандыққа шыққан кезде бейімделіп, жұмыс істеуі үшін бүгін дайындыққа тарту", - деді Айткүл Самақова.

ҚР ІІМ қылмыстық-орындау жүйесі комитеті төрағасы орынбасарының мәліметінше, жыл сайын түзеу мекемелерінен 9-дан 11 мыңға дейін адам босап шығады. "Биыл енгізілген жаңа заңнамаға сәйкес бостандыққа шыққандар саны ұлғайды. Жыл басынан бері босап шыққан 6 148 адамның 3 855-і мерзімінен бұрын шартты түрде босап шықты және жазаларының өтелмеген бөлігі жеңіл жазаға алмастырылды. Салыстырып көрейік: өткен жылы босап шығудың осы екі түрі бойынша көрсеткіш барлығы 1900 адам болған еді", - деді Азамат Базылбеков. 

Ресми деректер бойынша, Қазақстанда жазасын өтеп шыққандарды бейімдеумен айналысатын екі орталық қана жұмыс істейді, олар Павлодарда және Шымкентте.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети