27 қазан 2016 16:35

Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша кезекті отырыс өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша кезекті жұмыс тобының отырысы өтті.


Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша кезекті жұмыс тобының отырысы өтті.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Асқар Базарбаев отырысты жүргізіп, оған Палатаның Экономикалық реформа және өнірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов қатысты.

Жұмыс тобының отырысына мүдделі мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен сараптама ұйымдарының өкілдері мен Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының Құқықтық мониторинг орталығының, "ЭХО" қоғамдық бірлестігінің, сондай-ақ Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорының өкілдері де қатысты.

Сонымен қатар бұл басқосуда "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, "Аймақ" Қазақстан Републикасында өңiрлiк дамуға және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қорының және Гуманитарлық зерттеулер және жобалар институтының өкілдері де болды.

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның 98 - қадамды іске асыру жөніндегі ұсыныстары бойынша әзірленген.

Заң жобасы дербес бюджетті кезең-кезеңімен және жергілікті өзін-өзі басқаруда коммуналдық меншік институтын енгізуге, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет процесіндегі және жергілікті өзін-өзі басқаруда коммуналдық меншікті игерудегі өкілеттіктерін одан әрі кеңейтуге бағытталған.

Жұмыс тобының Заң жобасымен жұмысы барысында депутаттар шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жергілікті қауымдастықтың жиындары мен жиналыстарына қатысуы, қаржы мәселелері мен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі тұрғындар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жауапкершілігі мен белсенділігін көтеру, сондай-ақ дербес бюджетті енгізу мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесте және жергілікті өзін-өзі басқаруда коммуналдық меншікті игерудегі өкілеттіктерін одан әрі кеңейту мәселелері бойынша нормаларды анықтауға бағытталған түзетулер енгізді.

Бұдан басқа депутаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру бойынша, сондай-ақ Заң жобасының жекелеген нормаларын анықтау мен мазмұнын жақсартуға бағытталған түзетулер енгізді.

Заң жобасында 8 заңнамалық актіге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық, Бюджеттік, Салық кодексі және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", "Жарнама туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Жұмыс тобының мүшелері алдағы уақытта заң жобасын Салыстырма кесте бойынша талқылауға тағы да бас қосатын болады.

Отырыс барысында Қазақстанда жергілікті қоғам жиналыстарында шетел азаматтарының дауыс беру мүмкіндігіне тыйым салу ұсынылды. Осы ұсыныспен ҚР Парламентінің төменгі палатасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту туралы заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысында мәжіліс депутаты Сапар Ахметов сөз сөйледі.

"Дауыс беру бюджет қаражатын бөлуді, аудан орталығының, елді мекеннің даму жоспарын, бас жоспарын бекітуді білдіреді. Бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының ғана айрықша құқығы. Біз оларға шектеу қоймаймыз, олар барлық іс-шараларға қатыса алады, ұсыныс жасай алады, бірақ дауыс беруге Қазақстан азаматтары ғана қатысуы тиіс", - деп хабарлады С. Ахметов.

Депутат Артур Платонов бастаманы қолдай отырып, Қазақстан азаматтарының осы мәселеде барынша қорғалуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Жұмыс тобының отырысына ҰЭМ, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Қаржы министрлігінің өкілдері, жергілікті өкілетті органдардың, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының, "Аймақ" ҚР-дағы өңірлік дамуға және жергілікті өзін-өзі басқаруға жәрдемдесу қорының және Гуманитарлық зерттеулер мен жобалар институтының мүшелері қатысты.  

Мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев басқарған жұмыс тобы Салыстырмалы кестені талқылауды кейінгі отырыстарда жалғастыратын болады.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заң жобасы бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша "100 нақты қадам" ұлт жоспары аясында іске асырылып жатқанын атап өтейік. Заң жобасын әзірлеу үшін Мемлекет басшысының 2012 жылғы 28 қарашадағы жарлығымен бекітілген Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы негіз болды.

Заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқарудың өз бюджеті мен меншігін енгізуге, билікті демократияландыру саласындағы реформаларды жалғастыруға, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі халық рөлін арттыруға бағытталған. Заң жобасының қабылдануы жергілікті бюджеттердің шығыстарына әкелмейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети