23 маусым 2016 12:38

Мәжілісте "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" заң жобасы мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aanaonline.org © aanaonline.org

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, екінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысы барысында "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралып, екінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" ҚР Заңының мақсаты - төлем жүйелерінің қызметін кешенді регламенттеу, төлемдік қызметтер нарығын реттеу, қолданыстағы банк практикасын жетілдіру, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту.

Құжатта банк қызметтерінің айқындылығын арттыруға, банктердің клиенттердің төлемін және ақша аударымдарын орындау мерзімін қысқартуға, банктік емес төлем ұйымдарының қызметтерін пайдаланған кезде құқықтарды қорғауға бағытталған бірқатар жаңалықтар қамтылған.

Сонымен қатар, қаржы реттеушісінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, заң жобасында ҚР-ның бірқатар заңнамалық актілеріне (8 Кодекске және 11 Заңға) оларды "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жобасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе ҚР Заңының жобасын да бүгін Парламенттің төменгі палатасының депутаттары мақұлдады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети