25 қазан 2016 15:49

Мәжілістің Алматыдағы көшпелі отырысында мәдениет мәселелері бойынша түзетулер талқыланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© © newstaraz.kz © © newstaraz.kz

Жұма күні, 28 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасына депутаттар берген түзетулерді қарау бойынша жұмыс тобының отырысын өткізу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енгізіліп отырған түзетулер бірқатар мәселелерге бағытталған. Атап айтқанда, бұл авторларды қолдау, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығару және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізу; мемлекеттік сатып алу тетігін жетілдіру; театрлардың, кітапханалардың және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды жетілдіру, сондай-ақ басқа да мәселелер қамтылады.

Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, әділет, қаржы, білім және ғылым министрліктерініңөкілдері, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, шығармашылық одақтарыныңжәне мемлекеттік мәдениет ұйымдарының басшылары, Парламентке кірмеген саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметі шеңберінде қаралады. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жетекшілік етеді.

Жұмыс тобының отырысы 28 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының конференц-залында сағат 11.00-де өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети