"Жол апатын қайта жасаған Мақсат Үсенов жазадан құтылып кетуі мүмкін деп санайды Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты Джохар Утебеков. Болған оқиғаға қатысты ойын ол өзінің Facebook аккаунтында жариялаған" деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Жол апатын қайта жасаған Мақсат Үсенов жазадан құтылып кетуі мүмкін деп санайды Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының адвокаты Джохар Утебеков. Болған оқиғаға қатысты ойын ол өзінің Facebook аккаунтында жариялаған" деп хабарлайды tengrinews.kz.
"Егер жәбірленуші қайтыс болса (әрине сауығып кетуін тілеймін) және оның мас боғаны анықталса, Үсенов 5 жылға бас бостандығынан айырылар еді. Мұндай жағдайда "тараптардың келісімі" деген болмайды. Алайда, қазіргі заң бойынша денсаулығына ауыр зақым жеткізген күннің өзінде тараптар келісе алады, яғни мұндай жағдайда құқық қорғау органдары оған қатысты ештеңе де жасай алмайды. Полицияның істі жаппауға амалы қалмайды. Тіпті Үсенов көлікті мас күйінде басқарған болса да"- дейді Утебеков.
Сондай-ақ ол, егер жәбірленушіге орта дәрежеде зақым келген болса, Үсенов ӘК-нің 468-1 бабы бойынша 45 тәулікке қамалуы мүмкін. жарақат орташа болған жағдайда-20 тәулікке қамалады. Егер жәбірленуші жеңіл жарақат алса, онда Үсенов 20 АЕК мөлшерінде айыппұлмен құтылады (ӘК-нің 468 бабы, 3 тармағы). "Бұған ешқандай түсінік іздеудің қажеті жоқ. Егер заңдарды ғалымдар емес полицейлер жазса, осылай бола береді" дейді сарапшы.
Адвокат қазақстандық заңға мынадай өзгерістер енгізуді ұсынады. "Көлік басқару құқығы жоқтарға, сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғандарға қатысты заңды қатаңдату қажет. Ондайлардың әрекетін Қылмыстық кодекске ауыстыру керек. Жаңа қылмыстық кодекс бойынша солай етуге болады. Сондай-ақ мұндай әрекеттер ауыр қылмыс қатарына жатқызылуы тиіс" Сондай-ақ, Утебеков жол апаты салдарынан денсаулыққа жеткізілген жарақат орташа және ауыр болған жағдайда "тараптардың келісімі" деген болмауы керек екенін айтады.
"Алматы қаласы ІІД-де бірқатар қызметкерлер жұмыстан босатылуы керек. Егер полиция қарапайым жедел тексеру жұмыстары дұрыс жүргізсе, мұндай оқиғаның алдын алар еді" дейді адвокат.
Тағы бір қазақстандық адвокат Михаил Кленчин болған жағдайға қатысты өз ойымен бөлісті. "Қазірше оның мас немесе сау болғаны белгісіз. Екіншіден, жәбірленушінің жарақаты ауыр ма, орташа ма ол да белгісіз. Сондықтан Үсеновті қандай жаза күтіп тұрғаны айту қиын. Қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін" дейді Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Михаил Кленчин.
Десе де ол әріптесі Утебековтың пікірін жоққа шығармайды. Кей жағдайда айыпты жазадан құтылып кетеді. "Тараптардың келісу мүмкіндігі барын ескерсек, ол жазадан құтылып кетуі мүмкін" дейді сарапшы.