Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мақсұт Нәрікбаев ақтық сапарға аттанды

13 Қазан 2015, 11:28
0
© Тұрар Қазанғаов
© Тұрар Қазанғаов

ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаев ақтық сапарға аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нәрікбаевпен қоштасуға оның туыстары мен достары, министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар және әріптестері келді.

Университет залында қадірлі қонақтардан Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті байқауға болады. Дауылбаев пен Мәми әріптес және жақын достары ретінде Мақсұт Нәрікбаевпен қоштасуға келгендерді қарсы алды. Олардың ішінде ҚДБ басшысы Болат Жәмішев, ішкі істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель болды.

Айта кетейік, Қазақстанның саяси және қоғам қайраткерімен қоштасу ҚР әскери қызметкерлерінің қатысуымен жоғарғы деңгейде өтті.

Жаназадан кейін ҚазГЗУ алдында кішігірім шеру өтті. Достары мен әріптестері, жақындары Нәрікбаев туралы сөз сөйледі.

Нәрікбаев Астанадағы жаңа мазарда жерленеді.

Еске сала кетейік, Мақсұт Нәрікбаев 12 қазанда дүниеден озған болатын. Ол 75 жасында көз жұмды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай