Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Малайзияның премьер-министрі ҚазҰӨУ-де болған концертте ән шырқады

25 Мамыр 2014, 21:29
0
Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак. ©Ақорда
Нұрсұлтан Назарбаев пен Наджиб Тун Разак. ©Ақорда

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзияның премьер-министрі Наджиб Тун Разак Қазақ Ұлттық өнер университетінің (ҚазҰӨУ) 15 жылдығына арналған концертке қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап. 

Концерт барысында студенттер мен ертеректе университет қабырғасын бітіріп кеткен түлектер әлемдік классикалық музыкалар мен халық сазгерлерінің әндерін шырқады. Орындаушылардың талантына дән риза болған Малайзияның премьрі әншілермен бірге қосылып ән айтты.

Сондай-ақ, шара барысында Елбасы ҚазҰӨУ-ді 15 жылдығымен құттықтады. "Менің ойымша университеттің болашағы зор. Бізге мұндай мамандарды барлық өңірлерде дайындау керек. Қазір бізде Алматыда, Астанада, Шымкетте опера театрлары бар. Олардың барлығына мамандар керек. Еліміздің әр аймағына мәдениет саласының қызметкерлері қажет. Қазақстандықтардың рухын көтеріп, тәрбилеу - сіздердің жұмыстарыңыз. Концерт үшін үлкен алғысымды білдіремін. Мен әрдайым сіздерді қолдап, көмектесіп отырамын", - деді Президент. 

Өз кезегінде ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсаходжаева: "Университет бұл жетістігімен тоқтап қалмай, әрдайым алға жылжи береді. Біз қазір жаңа композициялар ойлап, жаңа бағдарламаларға сценарий жазып жатырмыз. Өзімізді халықаралық деңгейде сынап көреміз. Қазақстанның мәдениеті танымал болуы қажет. Одан бөлек, біз болашақта Қазақстанның мәдениетін әлемге танытатын кадрлар дайындауымыз керек", - деп атап өтті. 

 

 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай