03 ақпан 2018 15:00

Мамандар қазақстандықтардың көп жағдайда жұмыстан не үшін босатылатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© samso.ru © samso.ru

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мамандары қазақстандықтардың көп жағдайда жұмыстан не үшін босатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің мамандары қазақстандықтардың көп жағдайда жұмыстан не үшін босатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылдың төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 189,5 мың адам жұмысқа қабылданды, түрлі себептермен 200,0 мың адам жұмыстан кетті.

"Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар - 77,4 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 6,8 пайыз, басқа себептер бойынша 15,8 пайыз болды. 2017 жылғы төртінші тоқсанның аяғында ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарда 27,3 мың бос орынның бар екені мәлімделген", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, 2017 жылдың төртінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті - 6,9 пайыз,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті - 7,3 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті 5,7 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 94,8 пайыз болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети