25 тамыз 2017 | 11:28

Мамандар оқушыны жаңа оқу жылына қалай дайындау қажет екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары оқушыны жаңа оқу жылына қалай дайындау қажет екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мамандары оқушыны жаңа оқу жылына қалай дайындау қажет екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жылдан жылға жаңа оқу жылы басталар алдындағы басты тақырып және әрбір отбасының уайымы мектеп формасы мен ранецті дұрыс таңдау болып табылады. Дұрыс таңдалған киім бала денсаулығы үшін өте маңызды. Мектеп киіміне қойылатын негізгі талаптардың бірі оның ыңғайлы болуы болып саналады. Ол баланың қозғалысына кедергі болмауы тиіс, өлшеміне сәйкес келуі, денесіне ыңғайлы болып, ауа райына сай болуы қажет", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптарды сақтау баланың білім беру мекемесінің үй-жайларында болған кезде қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылады.

Айтуларынша, бірінші сынып оқушысы немесе бастауыш мектеп оқушысы үшін ранец таңдау - әрбір ата-ананы толғандыратын маңызды мәселелердің бірі. Көпшілігін баланың денсаулығына зиян келтірмеу үшін мектеп портфелін қалай дұрыс таңдауға болады деген мәселе алаңдатады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мектеп портфелінің ауыр салмағы бала денсаулығына кері әсерін тигізеді. Ранецті дұрыс таңдай білу сколиоз, остеохондроз және  жарық ауруы сияқты бірқатар аурулардың алдын алу шарасы болып табылады.

Сонымен, мамандар таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтауға кеңес береді:

- арнайы қаңқасы бар, омыртқаға түсетін салмақ пен қысымды бірдей  бөлетін және омыртқаны қисайтпай, баланың арқасын тура ұстауға арналған қатты ортопедиялық арқалығы бар ранецті таңдау;

- иықбаулары ауыр салмақтан баланың иығын қиып кетпейтіндей ыңғайлы материалдан жасалған, жалпақ болуы тиіс. Тұтқалары ұзындығы бойынша реттелетін болуы керек, бала оны арқасында тек екі иықбауымен асынуы тиіс, бұл ретте баланың белі мен мойнын қыспауы тиіс;

- ранецтің өлшемі мен салмағы баланың бойына және жасына сәйкес келуі тиіс. Ішіндегінсіз мектеп рюкзагы 1 килограммнан аспауы тиіс. Мектеп ранецінің салмағы оның ішіндегі барлық заттарымен бірге физикалық даму көрсеткіштері нормаларға сәйкес оның жасына сәйкес келетін баланың  жалпы салмағының көп дегенде 10-12 %-ын құрауы тиіс, мысалы:

1-2 сыныптар -  1,5 келіге дейін

3-4 сыныптар - 2 келіге дейін

5-6 сыныптар - 2,5 келіге дейін

7-8 сыныптар - 3,5 келіге дейін

9-11 сыныптар - 4 келіге дейін. 

Сонымен қатар, жарық шағылыстыратын бөлшектер сияқтыларға назар аудару керек, олар жолда жүрген кезінде баланың қауіпсіздігі үшін қажет. Жүргізушілер тәуліктің қараңғы кезінде немесе нашар жарықтандырылған жерлерде жолдан өткенде сіздің балаңызды тез байқай алады.

Мектеп формасын сатып алу кезінде баланың осы киімде 5-6, тіпті одан да көп сағат жүретінін есте сақтау маңызды. Киім өлшемін дұрыс таңдау керек және балаға ол киімде отырғанда да, жүргенде де ыңғайлы екеніне көз жеткізу қажет. Киім баланың қозғалысына кедергі болмауы тиіс, өте тар болмауы керек, себебі тар юбка немесе шалбар іштің ауыруына әкеледі, ал тар көйлек пен сарафан тыныс алуды бұзуы мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте мектеп формасы баланың денсаулығын және қозғалыс белсенділігін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

Білім беру мекемесінде ұзақ уақыт болатын баланың киімі техникалық регламенттерге сәйкес биологиялық және химиялық қауіпсіздік талаптарына сай келетін табиғи материалдардан тігілуі тиіс.  Баланың терісі демалып, аллергиялық реакциялардың алдын алу үшін гигиеналық жақсы қасиеттері бар табиғи талшықтан (жүн, мақта, зығыр, жібек)және вискозадан жасалған матаны таңдау ұсынылады. Матаның құрамы:

- киімнің үстіңгі қабаты кемінде 35 пайыз табиғи талшықтан немесе вискозадан;

- екінші қабаты ретінде астары 100 пайыз табиғи талшықтан немесе вискозадан;

- блузка мен көйлек кемінде 65 пайыз табиғи талшықтан немесе вискозадан болуы тиіс. 

Сондай-ақ мектеп формасының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін мынадай критерийлер бар: ауа өткізгіштігі,  электростатикалық өріс кернеулігі және бояуының тұрақтылығы.

Түс гаммасын таңдаған кезде балаңыз оқитын мектептің жалпы ережелерін басшылыққа алу керек. Сонымен бірге гигиеналық қағидаларды сақтау мақсатында бір апта ішінде ауыстырып отыру үшін мектеп киімінің бірнеше заттарын таңдап алу қажет.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен бастауыш сынып оқушыларының ауыр рюкзакты көтеру мәселесін талқылағаннан кейін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп гигиенистердің ұсынымдары бойынша мектепте оқулықтарды, ауыстыратын аяқ киімді және спорт керек-жарақтарын сақтауға арналған жеке шкафтармен мектеп оқушыларын қамтамасыз ету шаралары қабылданды.

Аталған шаралар балалар арасында тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу үшін қажет.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети