09 сәуір 2019 12:59

Мамин әкімдерге дереу шара қолдану туралы үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" бастамасын іске асыру аясындағы әлеуметтік жобалар қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 
 
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев баяндады. Бұдан өзге, іске қосылған әлеуметтік жобалар туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, сондай-ақ, Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" идеясын белсенді қолдаған кәсіпкерлер - жобалардың авторлары айтып берді.

"Көптеген кәсіпкерлер Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" идеясын белсене қолдады", - деді премьер-министр, ірі бизнесмендердің әлеуметтік жобаларға өз қаражаты есебінен қатуысын атап өтіп.

Үкімет басшысы бизнес-бастамаларды дамыту, өзінің жеке ісін ашу тәжірибесін көпшілікке тарату керек екенін айтты. Көптеген кәсіпкерлер табысы аз азаматтарды өз кәсіпорындарына жұмысқа орналастырып, бизнес негіздеріне үйрете бастады.

"Азаматтар мұқтаж жандарға көмек тек мемлекеттен ғана емес, бизнес қоғамдастығынан да келіп жатқанын білуі керек. Біздің ортақ міндетіміз - азаматтарға өмірде өздері тап болған қиын жағдайдан шығуға көмек көрсету", - деді ҚР премьер-министрі.

Әлеуметтік мәселелер бойынша бизнестің қызықты идеялары мен ұсыныстары бар, олар Үкіметпен бірігіп іске асырылуы қажет. Сондықтан, өңірлердің әкімдеріне осындай бастамаларды белсенді түрде қолдау тапсырылды.

Сонымен қатар, Министрлер кабинетінің басшысы кәсіпорындардың  басшыларын өз жұмыскерлерінің проблемаларына, соның ішінде тұрғын үй проблемаларына назар аударуға шақырды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбек жасындағы адамдарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту мәселесін ерекше бақылауға алу тапсырылды.  

"Оларды барынша жұмыспен қамту қажет", - деп премьер-министр, бұл жұмысқа "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысуы қажет екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети