16 сәуір 2019 11:16

Мамин "Астана" халықаралық қаржы орталығын дамыту мәселелері туралы кеңес өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында Орталықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 


ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "Астана" халықаралық қаржы орталығының алаңында Орталықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

Кеңес барысында қаржы нарығын дамыту және еліміздің биржа нарығы инфрақұрылымы, қаржы орталығының жұмысы реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов қаржы орталығы жалпы қолданыстағы 42 актіні (еск. – ағылшындық құқық негізінде), сондай-ақ құқықтық базаның ашықтығы мен "жинақылығын" қамтамасыз ететін қаржы қызметтерін реттеу бойынша 27 актіні қабылданғанын хабарлады. 

Сонымен қатар, соттағы, сотқа дейінгі даулардың шешілу тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында биыл ақпанда АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы eJustice сот төрелігі жүйесін ресми түрде іске қосты, бұл жүйе Нұр-Сұлтан қаласында нақты болмай-ақ әлемнің кез келген түкпірінен электронды форматта талапарыз беруге мүмкіндік тудырады. Бүгінгі таңда АХҚО-ында 150 қатысушы тіркелген, жыл соңына дейін бұл санды 250-ге жеткізу жоспарланған. 

Талқылауға сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов, әділет министрі Марат Бекетаев, сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М. Тілеуберді, ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары А. Жұмабеков, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев, сонымен қатар Ұлттық банк төрағасының орынбасары Е. Біртанов қатысты.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Асқар Мамин аймақтық қаржы орталығына айналуы тиіс АХҚО-ны одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

"Біздің басымдығымыз - АХҚО-ны дамыту. Мемлекет оның дамуы және табысты жұмыс істеуі үшін барлық жағдайларды жасап жатыр", - деді Асқар Мамин.

Кеңесте шетелдік инвестициялардың ағымын арттыру, жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу, қаржы саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети