19 қазан 2019 09:04

Мамин Назарбаевқа баяндама жасады

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және "Nur Otan" партиясының парламент фракциясының депутаттарына "Nur Otan" партиясының "Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" Сайлауалды бағдарламасын және "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындаудың аралық қорытындылары туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және "Nur Otan" партиясының парламент фракциясының депутаттарына "Nur Otan" партиясының "Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" Сайлауалды бағдарламасын және "Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспарын орындаудың аралық қорытындылары туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрлы жол" бағдарламасын іске асырудың арқасында Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы трансқұрлықтық көпірге айналды, көлік инфрақұрылымын жаппай жаңғырту жүргізіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

"Темір жолдардың оңтайлы желісі толық қалыптастырылды. Логистикалық инфрақұрылым құрылып жатыр. Келесі жылы негізгі транзиттік автомобиль дәліздері бойынша жол жүру қамтамасыз етілетін болады", - деді А. Мамин.
Қазіргі уақытта барлық отандық МӨЗ-дердің жаңғыртылуы толық аяқталды, қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіретін зауыт құрылысы басталды. Қуаттылығы 1 миллион 250 мың тонна болатын полиэтилен өндіру жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 21,7 пайызға артып, $15,7 млрд құрады. Ал көрсетілетін қызметтер экспорты 15,8 пайызға 7,3 миллиард долларға дейін артты. Жалпы, 2016 жылдан бері еліміздегі өнеркәсіп көлемі 15,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі – 16,3 пайызға артты. Баламалы энергетика белсенді дамып жатыр, 2016 жылдан бері ЖЭК қуаттылығы 3,7 есеге артып, а.ж. соңына 87 нысанда 1041 МВт құрайтын болады, ал 2024 жылға қарай 3 мың МВт құрайды. 

Интернетке кеңжолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрғындарының саны 250-ден асатын 3324 ауылдық елді мекен (79 пайыз) қосылған. Қалған ауылдарға интернет 2020 жылдың ішінде жүргізілетін болады. 

Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда. Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы әзірленіп жатыр. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. 2016 жылдан қазірге дейін 390 орта білім беретін мектеп, 400-ден аса медициналық нысан салынды, инфаркт пен инсульт алғанда көмек көрсету орталықтары құрылды. 

"Қазақстандықтарды сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 2016-2018 жылдары 34 миллион ш.м. астам тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін 13 миллион ш.м. пайдалануға беру көзделген. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр", - деді Асқар Мамин. 

Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуді жалғастыруда, негізгі серіктестер - Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа Одағы, Орталық Азия және ТМД елдерімен стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтуда. 

Премьер-Министр Үкімет пен "Nur Otan" фракциясының ішкі нарықты отандық өндірістегі азық-түлік өнімдерімен молықтыру жөніндегі күш-жігері туралы айтып берді - азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерімен орташа қамтамасыз етілу 80 пайызға, кейбір позициялар бойынша – 100 пайыз жетті. 

Экономика салаларын цифрландыру аясында отын-энергетика және тау-кен металлургиясы кешені кәсіпорындарында жаңа технологиялар енгізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, 2018 жылы инновациялық өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсіп, 1 триллион 179 миллиард теңгені құрады.

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өсім қарқыны 4,3 пайыз құрады, жыл басында 2,9 пайыз болды. Үкімет негізгі капиталға салынатын инвестициялар көрсеткішін 2025 жылға қарай ЖІӨ 30 пайыз дейін жеткізуді көздеп отыр. Бүгінгі таңда 2020-2024 жылдары 41 трлн тг инвестиция тартуға мүмкіндік беретін инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылған. Аталған міндетті шешу 34 миллиард долларға дейін тікелей шетелдік инвестициялар ағынын қамтамасыз етеді, бұл - 2024 жылға қарай ұлттық экономиканың 5 пайыз өсімін қамтамасыз етудің негізгі шарты.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы мен Ұлт жоспарын тиімді әрі мақсатты іске асыру біздің еліміздің бүгін және болашақта қарқынды әрі сапалы дамуы үшін берік негіз қалайды. Әрбір іс-шара қазіргі Қазақстанның дамуы үшін аса маңызды мәселелерді шешеді", - деді Мамин.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram