26 қазан 2016 10:27

Мамин Томас Шэннонмен Қазақстанның экономикалық дамуындағы америкалық бизнестің рөлін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында ҚР мен АҚШ арасындағы саяси, сауда-экономикалық, энергетикалық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Екі жақ Қазақстанның экономикалық дамуындағы америкалық бизнестің рөлін және ЭКСПО-2017 мен "Нұрлы жол" бағдарламасы тұрғысындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын талқылады.

Асқар Мамин Астанадағы ЭКСПО-дағы АҚШ-тың көрме павильонының ұйымдастырылуына алғысын білдірді.

Тараптар Стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссия, Энергетика саласындағы серіктестік жөніндегі ортақ комиссия және Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия секілді екіжақты Қазақстан-Америка тетіктерінің сәтті жүргізіліп жатқан жұмыстарын ерекше атап өтті.

"Біз АҚШ-пен Стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссия шеңберіндегі жұмыстарға ерекше назар аударамыз. Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті әрі екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда маңызды қадамға айналды", - деді Асқар Мамин.

Томас Шэннон ҚР мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде аса үлкен орын алатындығын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети