Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Маңғыстау облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілді

03 Тамыз 2015, 16:22
0
© ipukr.com
© ipukr.com

Маңғыстау облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілді, - деп хабарлайды "Тумба.kz".

Синоптиктердің мәлімдеуінше, мұндай жоғары температура бұл өңірде бірнеше жылдан бері болмаған. "Қазгидромет" кәсіпорнының Маңғыстау облысындағы филиалының жетекші маманы Ақмарал Құрманованың сөзіне қарағанда, ең жоғары ауа температурасы кеше, 02 тамызда Қызан ауылында тіркелген - 47 градус.

"Бүгін таңертеңнің өзінде Ақтау термометрлері 33 градусты көрсетті, түске қарай ол 42-ге көтерілді. Мұндай ыстық 5 тамызға дейін сақталады. Бейсенбіге қарай ыстықтың беті қайтады. Синоптиктердің болжамына қарағанда, сәрсенбі күні орташа температура 35-37 градус болады", - делінген жарияланымда.

Еске сала кетейік, бұған дейін тамыздың 1-3 аралығында ауа температурасының көтерілетіні хабарланған болатын. Соноптиктер ауа температурасының жоғарылауына байланысты ескерту жариялап, 1-2 тамызда Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде ауа температурасының 41-45 градус болатынын ескертті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай