15 мамыр 2015 14:26

Маңғыстау облысында сирек кездесетін леопард өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерден алынған сурет Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Маңғыстау облысында сирек кездесетін ортаазиялық леопард өлтірілді, - деп хабарлайды Lada.kz. Леопард браконьерлердің сайғақтардың аулау үші орнатқан қақпанына түсіп қалды.


Маңғыстау облысында сирек кездесетін ортаазиялық леопард өлтірілді, - деп хабарлайды Lada.kz. Леопард браконьерлердің сайғақтардың аулау үші орнатқан қақпанына түсіп қалды.

Өлтірілген леопардтың суреті Желіде пайда болды. Суреттің Жаңаөзен маңындағы шағын суатта түсірілгені белгілі. Болжам бойынша, адамдар қақпанға түсіп қалған леопардты ұрып өлтірген. Сонымен қатар, жануар адамдарға шабуыл жасағаннан кейін оны малшылар өлтірді деген болжам бар. 

Биология ғылымдарының кандидаты Марк Пестовтың айтуынша, Орталық Азияда, нақтылай айтсақ, Түркменстанда леопардтар мекен етеді. Ересек леопардтар күшіктерін өз орталарынан қуады да, олар мекен ететін жер іздеп, Маңғыстау облысының шөлді алқаптарына дейін келеді екен. 

"Бізде адамдар жануарды қажеттілік болмаса да өлтіре береді. Осы жылы сирек кездесетін борсық тұқымдас бал жейтін жануардың басы шабылды. Олар өте аз қалды. Адамдар неліктен мұндай іске барады? Оның еті жеуге келмейді. Оның терісі тонға немесе жағаға тігіп алуға келмейді. Жергілікті тұрғындар қорқып, ортаазиялық кесірткелерді жақсы көрмейді. Қорыққаннан кейін өлтіреді, ол да сирек кездесетін, жоғалуға шақ қалған жануар", - деді ғалым.

Пестов Маңғыстауда ЮНЕСКО қамқорлығындағы қорық салу керек деп есептейді. Себебі мұнда табиғаттың адам көріп-білмеген тұстары бар. Оның ойынша, жануарларды өлтіруге жол берілмеуі керек. "Халықтың экологиялық білімін жетілдіру маңызды. Ересектермен жұмыс істеу кеш шығар, бірақ балаларға табиғатты қорғауды үйрету керек", - деді биолог.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети