22 қараша 2019 16:02

Маңғыстау облысының әкімі тұрғындарды қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов тұрғындарды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.


Кеше Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов тұрғындарды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл шара Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында мемлекет пен халықтың арасында ашық диалог орнату мақсатында республика көлемінде өткізілді. Маңызы зор шараға Маңғыстау облысындағы барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлер азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындармен кездесті.

Негізгі мақсат - халықпен ашық байланыс орнатып, келіп түскен өтініш, сұрақтарына жауап беру және жергілікті атқарушы органның өкілдері азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелердің оң шешімін табуға өз үлесін қосуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, қабылдау шарасы туралы алдын ала халыққа хабарланды. Яғни 15-16 қараша күндері байланыс желісі ашылып, соның негізінде тізім әзірленген болатын. Сол желі арқылы хабарласып, тізімге жазылған азаматтар бүгін өздерін мазалаған мәселелерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық саласы, жұмысқа орналасу, баспанаға қол жеткізу, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда облыс бойынша әкімдіктердің қабылдауына 317 адам тіркелсе, облыс әкімінің жеке қабылдауына жүзге жуық адам жазылған.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети