01 желтоқсан 2018 17:49

Маңғыстау облысының тұрғындары жаңа пәтер кілтіне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында балабақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаңа қонысқа кірген 15 жанұяға өңір басшысы Ералы Тоғжанов пәтер кілтін табыстады.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында балабақша мен тұрғын үй қолданысқа берілді. Жаңа қонысқа кірген 15 жанұяға өңір басшысы Ералы Тоғжанов пәтер кілтін табыстады.

"Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жалпы көлемі 13 888 шаршы метр болатын 4 қабатты 7 тұрғын үй тапсырылды. 

Бұл жаңа пәтерлер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың жұмысшыларына және арнайы санаттағы адамдарға берілді. Жыл соңына дейін Батыр ауылында 4 пәтерлік 1 қабатты 20 тұрғын үй қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр.

"Құрметті жерлестер, баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын. Елбасы өзінің жолдауында әлеуметтік маңызды жобалар жандандыру үшін жеке бизнесті тарту керектігін айтты. Мемлекеттік жекеменшік серіктестігі еліміздің экономикасын жаңа деңгейге жетелейтін, кәсіпкерлерді инвестициялық жобаларға тартатын негізгі жобалардың бірі. Кез келген мемлекеттің басты байлығы ол халқы. Адам өмірі, денсаулығы, адамдардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі еліміздің басым бағыттарының бірі. Сондықтан, Елбасы бекіткен бағдарлама аясында біздер Мұнайлы ауданының тұрғындарына жаңа пәтер кілттерін табыстадық және жаңа балабақша ашып бердік", - деді әкім Ералы Тоғжанов.

Сондай-ақ, Бозжыра ауылында 140 балаға арналған "Жанымай" балабақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданы бойынша барлығы 58 балабақша (15 мемлекеттік, 43 жекеменшік) бар. Жыл басынан бері 614 орындық 9 жекеменшік балабақша есігін айқара ашып, жыл соңына дейін 497 орындық 7 жекеменшік балабақша іске қосылмақ. Қазіргі таңда тізімде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің саны - 330. Жыл соңына дейін балалардың 97,3 пайызы балабақшаға орналастырылады.

Сондай-ақ, облыс басшысы "Мұхамбет" жекеменшік медициналық орталығымен танысты. Бұл орталықтың қазіргі таңда Басқұдық, Маңғыстау ауылдарында қосымша жер учаскелерді аукцион арқылы сатып алып, 11 мың халыққа тегін кепілдірілген көмек көрсетуде. Өткен жылы алғашқылардың бірі болып "Нұр капитал" бағдарламасынан 1 пайызбен 30 миллион теңге несие алып, жаңа заман талабына сай медициналық құрылғылар сатып алынды (жылжымалы медициналық кешен машинасы, лор комбайн, УДЗ, флюорографиялық аппарат). Орталықта 27 дәрігер мен 35 орта буынды медицина қызметкері қызмет етеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети