20 ақпан 2018 09:38

Маңғыстау облысында қызметтік көлікке 666 нөмірі қалай берілген? Әкімдіктің жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Lada.kz © Lada.kz

Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері ведомстводағы көліктердің біріндегі VIP-нөмірге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Лада". 666 RK 12 мемлекеттік нөмірмен жүрген көлікті "Лада" порталының оқырманы түсіріп алған.


Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері ведомстводағы көліктердің біріндегі VIP-нөмірге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Лада". 666 RK 12 мемлекеттік нөмірмен жүрген көлікті "Лада" порталының оқырманы түсіріп алған.

Портал мәліметінше, кейінірек көліктің "Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиесілі екені анықталды.

Облыстық әкімдіктің өкілдері ведомствоның осы мемлекеттік нөмірді кездейсоқ алғандарын айтады. Мұнымен қоса, 666 нөмірлі VIP-нөмірді мемлекеттік органдар қызметкерлеріне 50 есе арзан бағаға алуға болатыны белгілі болды.

"Біз дәл осындай нөмір керек деп өтініш ештеңе жазған жоқпыз. Балансымызда 100 көлік бар және әрбір нөмір бізге кезекпен беріліп отырады. 666 нөмірі бізге кездейсоқ түсті", - деді ведомство басшысының орынбасары Бисен Черкешев.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске сәйкес, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлік белгілер 137 айлық есептік көрсеткішке (329 485 теңге) тең. Алайда дәл осы нөмірлік белгілер мемлекеттік органдардағы қызметтік көліктерге 2,8 айлық есептік көрсеткішпен (6 734 теңге) сатылады", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети