Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп ашылады

10 Желтоқсан 2018, 14:25
0
Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп ашылады -

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімдігіндегілердің мәліметінше, Маңғыстауда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 84 пайыздан 97 пайызға артты. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу негізгі мақсат.

"Демографиялық өсімнің жоғарылығына байланысты, ең маңыздысы үш ауысымдық оқытуды болдырмау.Осы бағытта жаңа оқу жылында жалпы сыйымдылығы 6300 орындық 9 жаңа мектеп қолданысқа берілді.Тағы 4 мектептің (сыйымдылығы 2200 орындық) құрылысы 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге берген сұхбатында.

Оқушылар контингентінің жыл сайын 6 мыңға артуын есепке ала отырып, 2019 жылға тағы 14 мектеп құрылысы республикалық бюджеттен қаржылындыруға қосымша ұсынылады.

Алда тұрған өзекті мәселенің бірі - студенттерді жатақханамен қамту. Жалпы қажеттілік 1600 орын, оның ішінде 550 орындық 2 жатақхана тәуелсіздік мерекесіне орай,пайдалануға беріледі.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмін кеңінен қолдану қолға алынды (мысалы: Жаңаөзен қаласындағы гемодиализ орталығы, Маңғыстау облыстық және Бейнеу аудандық ауруханаларында компьютерлік томограф орнату, денсаулық сақтау ұйымдарында УЗИ орнату).Облыс орталығында Ана мен бала өңірлік Орталығы қолданысқа берілді.Көптен шешімін таппай келген, (2012жылдан бері) құрылысы ұзаққа созылған онкологиялық орталықтың құрылысы жер қойнауын пайдаланушы компания қаржысы есебінен (NCOC - 7 миллиард теңге, мердігер - Еврострой) қазан айында қайтадан басталды.

Маңғыстауда "Сандық Қазақстан" бағдарламасы бойынша жобалар белсенді іске асырылуда.Облыста экономиканың барлық саласын қамтитын цифрландырудың жол картасы бекітілді.Облыстағы білім және денсаулық ұйымдарының барлығы кең жолақты интернетпен 100 пайыз қамтылды.

 Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында "Қауіпсіз қала" жобасы аясында 600 бейнебақылау камералары орнатылады.Пилоттық режимде Ақтау қаласында 10 үй "Е-шаңырақ" ақпарттық жүйесіне қосылды.

Аталған үйлерде жылу, су, электрдің нақты есебін жүргізетін автоматтандырылған жүйе орнатылып, приборлардан көрсеткіштер онлайн тәртібінде алынады.

"Қазақтелеком" компаниясының қолдауымен облыстың барлық елді мекендері интернет желісімен толықтай қамтылды, оның жылдамдығын арттырылды. Өндірістік кәсіпорындары (мұнай компаниялары) өндіру процесін арттыру және автоматтандыру мақсатында кен орындарында цифрлық элементтер енгізді.Республикада облысымыз бірінші болып 1 қазаннан бастап толықтай цифрлық телетаратуға көшті.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар (мұнай компаниялары) өндірістік процесті автоматтандыру мақсатында кен орындарында сандық элементтерді енгізеді.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша 2017-2018 жылдары құны 20 миллиард теңгенің 333 жобасы іске асырылды (бюджет есебінен 1 миллиард теңге, демеушілер қаржысы - 19 миллиард теңге).

Биыл "Атамекен" кіші бағдарламасы бойынша (57 іс-шара, 5 миллиард теңге) -19 мектеп компьютерлермен жабдықталып, 15 спорт алаңдары, 4 мектеп жанынан жылыжайлар, теңіз жағалауында "Жартасты соқпақ"(Скальная тропа) нысаны және амфитеатр салынды. Барлық шара демеушілер есебінен жүргізілді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай