14 қазан 2019 13:13

Маңғыстауда жаппай төбелес видеоға түсірілген

Маңғыстау облысының тұрғындары бәйге кезінде жаппай төбелесті. Оқиға видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының тұрғындары бәйге кезінде жаппай төбелесті. Оқиға видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео Lada.kz порталының Youtube каналында жарияланды. Видеодан оқиғаның далада болғанын байқауға болады. Ондаған адам төбелескен. Тұраққа қойылған көліктер арасында полицейлердің автокөлігі тұр. Көптеген адам осы жағдайды қарап тұр, оның көбісі - балалар. 

Реклама
Реклама

Маңғыстау облысық полиция департаментнің өкілдері осы оқиғаның 12 қазанда түстен кейін болғанын айтады. 

"Маңғыстау ауданының ипподромында жаппай төбелес болды. Осы дерек бойынша Маңғыстау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полицейлер. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram