25 желтоқсан 2019 17:46

Маңғыстауда спорт саласындағы үздіктер марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 24 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімдігі "Рухы биік, арманы асқақ - Мәңгілік Ел!" атты спорт саласындағы үздіктер премиясын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Биыл 24 желтоқсанда Маңғыстау облысының әкімдігі "Рухы биік, арманы асқақ - Мәңгілік Ел!" атты спорт саласындағы үздіктер премиясын өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

2019 жылы үздік нәтижелермен ерекшеленген спорт шеберлерін 18 номинация бойынша Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы марапаттады.

Маңғыстау облыстық мәслихат хатшысы Тумышов Нури Лазерұлы және Маңғыстау облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлепов Серікбол Құдайбергенұлы спорт саласындағы қызметкерлерді Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хатымен марапаттап, құттықтау сөз сөйледі.

1. "Олимпиадалық үміт" номинациясында Алматы қаласында дзюдодан өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері Әділ Марлен Толебекұлы;

2. "Спорт саласында үздік аудан" номинациясында Жаңаөзен қаласы;

3. "Үздік жас спортшы" номинациясында еркін күрестен қыздар арасындағы жағажай күресінен екі дүркін Әлем чемпионы Тәңібергенова Марал Маратқызы;

4. "Жыл жетістігі" номинациясында "Каспий" кәсіби футбол командасы;

5. "Спорт саласында үздік команда" номинациясында "Каспий" регби командасы;

6. "Үздік жаттықтырушы" номинациясында Джакиев Марат Исағалиұлы;

7. Үздік федерация" номинациясында Әлем чемпионатының жеңімпазын дайындаған Маңғыстау облыстық бокс федерациясы;

8. "Ерлер арасында үздік спортшы" номинациясында 2019 жылдың Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионатының жеңімпазы Жәнібек Әбу-Бәкір Жәнібекұлы;

9. "Нәтижелі спортшы" номинациясында таеквондодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Сарымсақов Қайрат Оразұлы;

10. "Үздік спорт мекемесі" номинациясында: Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы;

11. "Үздік спорт жанашыры" номинациясында Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы;

12. "Үздік спортшы жауынгер" номинациясында Жауынгерлік самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Домбаев Нұркен Нурбергенович;

13. "Үздік спорт тілшісі" номинациясында "Каспий" кәсіби футбол клубының қызметкері Үсенов Ақылбек Талғатұлы;

14. "Ұлттық спорт үздігі" номинациясында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы Жарылғапов Нұрдаулет Ниетуллаұлы;

15. "Әйелдер арасында үздік спортшы" номинациясында каратэден Халықаралық Гран-При, Примьер лига жарыстарының жеңімпазы Захарова Сабина Валерьевна;

16. "Жыл спортшысы"  номинациясында: Бокстан Әлем чемпионы Нурдаулетов Бекзад Жалғасбаевич;

17. "Үздік спорт мектебі" номинациясында Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғарғы спорт жетістіктері мектебі;

18. "Үздік нұсқаушы" номинациясында "Біздің ауламыздағы чемпиондар" әлеуметтік спорт жобасының авторы Маширикова Сайрангүл Ахманбаевна марапатталды.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігінің "Құрметті спорт қызметкері" төсбелгісімен Дюсенбиев Болат Закарияұлы марапатталады.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министірлігінің "Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгімен Құлышев Нұралы Шорманұлы, Жумагалиев Берик Тусупкалиевич, Бейсенбаев Мурат Джаналиевич және Жеткизгенов Куанышкали марапатталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети