15 желтоқсан 2018 16:39

Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа нысандар ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Маңғыстау ауылында алғаш ашылған заманауи 500 орындық орталық 7000 шаршы метрді құрайды. Жаңа Мәдениет үйінде кітапхана да бар.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. Маңғыстау ауылында алғаш ашылған заманауи 500 орындық орталық 7000 шаршы метрді құрайды. Жаңа Мәдениет үйінде кітапхана да бар.

"Елбасы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында - Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз", деп атап өткендей, дамыған елдердің қатарына қосылу үшін, еліміздің мәдениеті мықты болуы керек. Халықтың өмір сапасын жақсарту үшін тек экономикалық ғана емес, сонымен бірге рухани даму да керек", - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

"Мұнайлы ауданының мәдени өмірінде бүгін айрықша күн. Өздеріңіз куә болып ашылғалы тұрған, Маңғыстау ауылындағы кітапханасымен бірге 500 орындық Мәдениет үйі Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Норд Каспиан Оперейтинг Компаниясының" әлеуметтік міндеттемелері бағдарламасымен салынды. Жоспар бойынша бұл ғимаратта кітапхана, конференц залдар, үйірмелер, үлкен көрермен залы, 2 хореография залы, 33 жабық аудиториялар қарастырылған. Бұл өз кезегінде аудан халқына рухани нәр беретін, ұлттық өнеріміздің дамуына серпін беретін игі істердің бірі болатынына кәміл сенемін", - деді Тоғжанов.

Ауданға сапар барысында аймақ басшысы Маңғыстау ауылындағы жаңадан ашылған "Жанарыс" тігін фабрикасының жұмысымен танысты. Бұл мекеме Маңғыстау облысындағы жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең ірі мекеме саналатын Жаңаөзен тігін фабрикасының филиалы.

"Елбасы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" жолдауында "бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек деді. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі. Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін қалыптастырған жөн" деп атап өткен болатын", - деді әкім.

"Жанарыс" фабрикасы қазірдің өзінде кәсіби киім-кешектердің дизайнын жасап, мұнайшы, денсаулық сақтау, білім және құқық қорғау саласы мамандарының формаларын даярлаумен айналысып отыр. Маңғыстау ауылындағы жаңа филиалдың аумағы 1,7 гектарды құрайды, мұнда 300 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі", - деді облыс әкімі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети