ПОДЕЛИТЬСЯ
23 тамыз 2019 | 18:16
Маңғыстауда Ұлы дала дидары экспедициясы өтті
Ашық аспан астындағы мұражай саналатын Маңғыстау жерінде еліміздегі тарихи ескерткіштердің үштен бірі тіркелген.Мемлекет қорғауына алынған он бір мың тарихи ескерткіші бар археологиялық қорық, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандар, жерасты мешіттері, ерте дәуірдегі қалашық орындары, әскери бекіністер мен шар тәріздес алып тастар тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік туристердің де қызығушылығын тудырып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ашық аспан астындағы мұражай саналатын Маңғыстау жерінде еліміздегі тарихи ескерткіштердің үштен бірі тіркелген.Мемлекет қорғауына алынған он бір мың тарихи ескерткіші бар археологиялық қорық, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандар, жерасты мешіттері, ерте дәуірдегі қалашық орындары, әскери бекіністер мен шар тәріздес алып тастар тек қазақстандықтардың ғана емес, шетелдік туристердің де қызығушылығын тудырып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Сан ғасырлық тарихы бар табиғи жәдігерлерімізді мұнайшылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Қазақ мұнайының 120 жылдық және Өзен кенорнының 55 жылдық мерейтойлары аясында "Өзенмұнайгаз" АҚ өз қызметкерлеріне арнап үш күндік экспедиция ұйымдастырды.
"Ұлы дала дидары" деген атаумен 12-ші тамыз күні бастау алған экспедицияда барлығы 162 қызметкер Отпан тау - Шерқала - Қызыл қала - Көгез бағыттары бойынша Маңғыстаудың тарихи жерлерімен 1 800 - 2 000 шақырым жерді аралады.
"Экспедицияны ұйымдастырудағы мақсатымыз - осынау тарих пен байлықты, рухани құндылықтарды мұнайшыларға таныстыру болды. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрмет - елінің, жерінің кешегісі мен бүгінін жете таныған адамда берік қалыптасады", - дейді "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Есен ӨТЕЕВ.
Танымдық сапар "Адай Ата-Отпан тау" тарихи этно-мәдени кешеніндегі "Ақсарай" мұражайынан, тау биігіне көтерілуден басталды.Үш топқа бөлініп Шерқаланың әсем табиғатымен жалғасып, Шетпе аулында орналасқан X-XIII ғасырлардың археологиялық ескерткіші болып табылатын Қызылқала қалашығына табан тіреді. Жолаушыларды Шерқала тауы, Ақмыш тарихымен Маңғыстау облысы мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры, өлкетанушы Бекболат Төлегенұлы таныстырды. Көгез этноауылында сапар қорытындыланды.
"Мұрат "Өзенмұнайгаз" АҚ мұнайшыларын Маңғыстау ауданындағы табиғи, тарихи, мәдени орындармен таныстыру еді. Жоспар құрылды, маршрут сызылды, команда түзілді", - деп "Өз ойым" бағдарламасының жүргізушісі Алмас Алтай пікірін білдірді.
"Ұлы дала дидары" атты үш күндік өлкетану экспедициясына атсалысу мүмкіндігі бұйырды. Өлкені таныстыруды қолға алған Бекболат әр күн сайын сапарға шыққан мұнайшыларды алдымен "Адай ата - Отпан тау" тарихи этно -мәдени кешенімен, одан әрі Шерқала тауы, Ақмыш, Қызылқала қаласының тарихымен таныстырды. Сапар соңында "Көгез" этно ауылынан түскі ас ішіп, дастарқан басқарған Фархад Мұсаев пен Қосқали Тындырғанов әзіл-қалжыңға қарық қылып, қызықты жүргізуімен, "Жыр-жебе" ақындар мектебі мен бірге Шалқарбай мен Райымбек Тузелов ақындардың айтысын тамашаладық. Тұщыбек ауылының тумасы, құсбегі Айшуақ Тайманов інімнің бүркіті мен тазысын тамашалау мүмкінді үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтамын- деп өлкетанушы, блогер Берік Дәуенов баяндады.
Показать комментарии
Читайте также