27 қаңтар 2017 09:39

Маңғыстаудағы перзентханада дәрігерлерді таң-тамаша еткен ғажайып болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Лада © Лада

Маңғыстау облысындағы перзентханада 13 қаңтарда дәрігерлерді таң-тамаша еткен ғажайып болды. Жансерік Тұяқбаев пен Ақмарал Жалажанованың отбасында үшем дүниеге келіп, ата-аналарды ғана емес, акушерлерді де таңғалдырған. Себебі, жергілікті "Лада" басылымының мәліметінше, әйелдің өзі де, дәрігерлер де егіз туады деп ойлаған. Үшінші нәрестені Ақтау мен Алматыда өткізілген ультрадыбыстық зерттеу де көрсете алмаған. 


Маңғыстау облысындағы перзентханада 13 қаңтарда дәрігерлерді таң-тамаша еткен ғажайып болды. Жансерік Тұяқбаев пен Ақмарал Жалажанованың отбасында үшем дүниеге келіп, ата-аналарды ғана емес, акушерлерді де таңғалдырған. Себебі, жергілікті "Лада" басылымының мәліметінше, әйелдің өзі де, дәрігерлер де егіз туады деп ойлаған. Үшінші нәрестені Ақтау мен Алматыда өткізілген ультрадыбыстық зерттеу де көрсете алмаған. 

"Әйел бізге 28 желтоқсанда Шетпеден келді, диагнозы "жүктіліктің 31-аптасы, егіз, жеңіл дәрежедегі преэклампсия" болды. 12 қаңтарда әйел қан қысымы көтеріліп, әлсірей бастаған соң жансақтау бөліміне ауыстырдық, 13 қаңтарда докторлар консилиумында оған ота жасау туралы шешім шығардық, себебі жүктілік мерзімі - 34-апта, жоғары дәрежедегі преэклампсия және іштегі нәресте дұрыс жатпай қалды. Осындай диагнозбен ота жасалды. Ота кезінде екінші нәрестені алып шыққан соң, үшіншісінің бары анықталды, осылайша оны да шығарып алдық", - деді ота жасаған дәрігер, перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жапырақ Епенова.


Жапырақ Епенова. © lada.kz

Ақмаралдың өзі де 33 жасында үшем босанатынын күтпегенін айтып отыр. Күйеуі екеуі қыз қалапты. Бұл отбасында осыған дейін төрт бала болған, енді олар жеті баланың ата-анасы атанып отыр. Әйел бірнеше рет ультрадыбыстық зерттеуден өткен, алайда олардың бірі де үшем екенін анықтай алмаған.

"Бұл әйел бізде жүктіліктің бес аптасынан бері қаралып жүрді. Сол кезеңде Алматыда, репродукция орталығында қаралған. Сол жақта ультрадыбыстық зерттеу жүргізген, егіз болады деген қорытынды жасалған. Кейін, әрине, Ақтауда төрт рет зерттеуден өткізілді, барлығында да егіз көрсетілді. Мұндай күтпеген жаңалыққа қуандық. Мұндай жағдай болмайды. Өз басым бірінші рет көріп отырмын", - деді Епенова.

"Егіз болады деп ойладым. Дәрігерлер осылай деген. Ота кезінде есімді біліп жаттым, екеу емес, үш бала босанғанымды айтқанда, бақытты болдым. Осы кезде мен "Жарайсың" дедім. Дәрігерлер "Кім жарайды?" деп сұрады, оларға "Мен" дедім. Олар тіпті қол шапалақтады", - деді Ақмарал Жалажанова.


Ақмарал Жалажанова. © lada.kz

"Мен өте бақыттымын, Жаратқанға алғысым зор, дәрігерлерге, жанымызда болғандардың барлығына алғыс айтамын! Әрбір отбасыға осындай бақыт тілеймін", - деді үшемнің әкесі.


Жансерік Тұяқбаев. © lada.kz

Біріншісі - көптен күткен қыз бала 12.00-де босанған, оған Медина деген есім берілді. Оның салмағы 2 келі 270 грамм. Бір минут өткенде Нұрислам деген ұл бала дүниеге келді, салмағы 2 келі 480 грамм. Ал үшіншісі - Әдемі 1 келі 940 грамм боп дүниеге келіпті. Дәрігерлер оларға сыйлық жасады.


Медина, Нұрислам және Әдемі. © lada.kz

Үшем біраз уақыт балалар жансақтау бөлімінде жатты. Ал кеше балалар мен анасы жағдайы жақсарып, Шетпеге жол жүріп кетті.


© lada.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети