05 желтоқсан 2019 19:39

Маңғыстаулық еріктілер марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысындағы "Волонтерлар корпусы" жастар тобы жылды қорытындылады. Шара аясында үздік ерікті жастар марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Маңғыстау облысындағы "Волонтерлар корпусы" жастар тобы жылды қорытындылады. Шара аясында үздік ерікті жастар марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жастар тобының жобаларын жүзеге асырып, қоғамдық қызметте айтарлық жетістікке жеткен волонтерларды ынталандыру мақсатында тағайындалған "Волонтерлар корпусының" сыйлығы табысталды. Қыдырқожа Аханов және Берекет Жарылқапбай "Үздік волонтер" аталымының иегері атанды. "Мейірімді волонтер" аталымына Қымбат Бақытгелдіқызы мен Нұрасыл Нұрбергенов лайық деп танылды.

Ал Толғанай Қырымгерейқызы мен Өнер Русланұлы "Үздік координатор волонтер", Эленора Көпбергенова, Ержан Манарбек және Асхат Абугалиев "Көшбасшы волонтер" номинациясымен марапатталды.

Айта кетейік, құрылғанына екі жыл толған ерікті топ "Жүрегі толы мейірім" жобасы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 180 отбасыға әлеуметтік, 123 жалғызбасты азаматқа адресттік көмек көрсеткен. Сонымен қатар 38 облыстық, 11 республикалық, 7 халықаралық деңгейдегі іс-шарада волонтерлық қызмет көрсетіп үлгерген. 2017-2019 жылдары Аягөз ауданында толассыз жауын-шашын салдарынан болған тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға 400 келі, Арыс қаласындағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге 4 тонна гуманитарлық жүк жөнелткен.

Маңғыстаулық ұйымшыл жастардан құралған ерікті топ Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы мен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысына ие болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети