26 желтоқсан 2018 15:47

Маңғыстаулық спортшылар 1205 медаль еншіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Ақтауда спортшылардың құрметіне арналған "Рухы биік, арманы асқақ - Мәңгілік Ел!" атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында маңғыстаулық спортшылардың 2018 жылы жеткен жетістіктері мен еткен еңбектері сараланып, үздіктер марапатталды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтып, өңірдің жетістігіне тоқталды.


Бүгін Ақтауда спортшылардың құрметіне арналған "Рухы биік, арманы асқақ - Мәңгілік Ел!" атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында маңғыстаулық спортшылардың 2018 жылы жеткен жетістіктері мен еткен еңбектері сараланып, үздіктер марапатталды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтып, өңірдің жетістігіне тоқталды.

"Жыл басы Индонезиядағы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын медаль еншілеген Дархан Нортаев жүлдесімен басталды. Жақында ғана Маңғыстау боксшылары Конфедерация Кубогын жеңіп алса, дзюдошы Бауыржан Нарбаев өлке тарихында тұңғыш рет ересектер арасында Қазақстан Чемпионы атанды. Жалпы командалық есепте екі спорт түрі бойынша да екінші орынды иелендік. 8 жастағы бүлдіршін шахматшы Эдгар Мамедов Қазақстан Чемпионы, Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды. Биыл жалпы спортшылар үшін аса тартысты жыл болды десек қателеспейміз. Жалпы, спортшылармыз Халықаралық және Республикалық жарыстарда 1205 медаль жеңіп алды", - деді облыс әкімі. 

Нәтижесінде Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері - 8, Қазақстанның спорт шебері - 64 және спорт шеберлігіне үміткер 469 спортшы дайындалды. 400 спортшымыз ҚР ұлттық құрама командасының сапына енді. Бүгінде облыста 224 мың 757 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданып, бұл жалпы халық санының 33 пайызын құрап отыр. Биыл524 бұқаралық спорттық іс-шара өтсе, олардың 60 республикалық және халықаралық шаралар. Оларға 14 мыңға жуық адам қатысқан. Маңғыстаулық спортшылардың алдағы мақсаты - Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін сарапқа салынатын сайыстарында жеңіс тұғырынан көріну.

Сондай-ақ, өңір басшысы Ералы Тоғжанов үздік спортшыларды марапаттады.

"Олимпиадалық үміт" номинациясымен Байтуреев Еркінбек марапатталады. Еркінбек Оразұлы Каратэ-додан Жастар арасында Әлем чемпионы, Қазақстанның Республикасының 2 дүркін чемпионы.

"Спорт саласында үздік аудан"Бейнеу ауданы.

"Үздік жас спортшы" номинациясымен Жанбуршиева Жансая. Көркем гимнастикаданХалықаралық жарыстың бірнеше дүркін чемпионы.

"Жыл жетістігі" номинациясымен Нарбаев Бауыржан. Бауыржан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үшінші дан белбеуінің иегері, Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері.

"Спорт саласында үздік команда" - "Маңғыстау" бокс құрама командасы марапатталды.

"Үздік жаттықтырушы" - Волобуев Сергей.

"Үздік федерация" - Маңғыстау облысының Каратэ-до федерациясы.

"Ерлер арасында үздік спортшы" Жұбатқан Сұңғат. Сұңғат Дзюдо күресінен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия және Еуропа кубогінің жеңімпазы.

"Нәтижелі спортшы" Захарова Сабина. Сабина Қазақстанның Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жазғы Азия ойындарының қатысушысы.

"Үздік спорт мекемесі" - Жа- "Жас батыр" мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі.

"Үздік спорт жанашыры" - Мұңалбаев Сұңғат.

"Үздік спортшы жауынгер" номинациясымен Өтепов Құдайберген Жанарханұлы марапатталады. Құдайберген панкратионнан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы.

"Үздік спорт тілшісі" Мирлан Венера.

"Ұлттық спорт үздігі" Жарылғапов Нұрдаулет. Нұрдаулет қазақ күресінен дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы.

"Әйелдер арасында үздік спортшы" номинациясымен Тұрдан Ақниет. Дзюдо күресінен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия және Еуропа кубогінің жеңімпазы, үшінші дан белбеуінің иегері.Ұлттық құрама командасының мүшесі.

"Жыл спортшысы" джиу-джитсудан жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Нортаев Дархан Шерқазыұлы марапатталады. Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети