14 желтоқсан 2019 17:34

Маңғыстаулықтар Тәуелсіздік күнін тойлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы "Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Облыс әкімі Серікбай Трұмов салтанатты шараға қатысушыларды ел үшін ең қастерлі мерекемен құттықтап, аймақтың биыл жеткен жетістігіне тоқталды.


Ақтаудағы "Абай" атындағы мәдени демалыс кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Облыс әкімі Серікбай Трұмов салтанатты шараға қатысушыларды ел үшін ең қастерлі мерекемен құттықтап, аймақтың биыл жеткен жетістігіне тоқталды.

Өңір басшысының айтуынша, биыл облысқа 550 млрд. теңгеден аса инвестиция тартылды. Жалпы құны 31,5 млрд. теңгені құрайтын 13 ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Инвестициялық жобалар арқылы 400-ге жуық жұмыс орындары құрылды. Жалпы 2019 жылы аймақта 33 мың жұмыс орны ашылды. Биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында және барлық қаржыландыру көздері арқылы 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

"Бір атап өтерлігі, "Туған жер" бағдарламасы аясында облыс тұрғындары туып-өскен аулының өсіп-өркендеуіне, көркеюіне сүбелі үлес қосып, биылғы жылы 12 млрд 200 млн тг қаржыға 98 жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде әлеуметтік-мәдени, спорттық нысандар мен қайырымдылық жобалары, сонымен бірге мектептер мен емханаларға қажетті құрал жабдықтар алынды",-деді Серікбай Өтелгенұлы.

Ел Тәуелсіздігінің нығаюына және аймақтың дамуына сүбелі үлес қосқан бір топ азаматқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік марапаттар - "Парасат", "Құрмет", ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордендері, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат", Қазақстан Халқы Ассамблеясының Қоғамдық "Бірлік" алтын медальдары, Қазақстан Республикасының құрмет және Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрмет грамоталарымен, Қазақстан Халқы Ассамблеясының "Алғыс" хаты табысталды.

Салтанатты жиын Ақтау қаласы өнерпаздары мен талантты жастарының ән шашуымен аяқталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети