11 ақпан 2014 19:55

Марат Тәжин Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Тәжин. Фото ©Марат Абилов Марат Тәжин. Фото ©Марат Абилов

Марат Тәжин Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет Басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды",- делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 2014 жылдың 21 қаңтарында Елбасының Жарлығымен ол Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылған болатын. Марат Тәжин әр жылдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Сыртқы істер министрі, Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы қызметін атқарды. Еске сала кетейік, мұның алдында Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін Ғалым Оразбақов атқарған болатын. Бұл қызметінен кейін ол ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети