24 наурыз 2016 16:21

Машинист көмекшісі Мәжіліс депутаты атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

26 жастағы машинист көмекшісі Геннадий Шиповских ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


26 жастағы машинист көмекшісі Геннадий Шиповских ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаттарына тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды. Олардың арасында Геннадий Шиповских те бар. Төменгі палатаның депутаты атанғанға дейін ол машинистің көмекшісі болып жұмыс істеген екен.


Депутат Нұртай Сәбильянов жаңа әріптесі Геннадий Шиповскихке депутат белгісін тағуға көмектесіп жатыр.


Геннадий Шиповскихтің ҚР Парламентінің төменгі палата депутаты атанғаннан кейінгі алғашқы суреті. Оның қасында VI шақырылымның депутаты атанған Бақытбек Смағұл тұр.

Бізге берген сұхбатында Геннадий Шиповских өзі туралы айтып берді. 26 жастағы депутат "Нұр Отан" партиясының мүшесі, үйленбеген, қазақ тілінде еркін сөйлейді. "Мен жұмысшы табының өкілімін. Партияның маған депутат болуға мүмкіндік беруі мен үшін абырой. Парламентте түрлі саланың өкілдері жиналды. Ал мен болсам жұмысшы табының мүддесіне өкілдік етемін", - деді Геннадий Шиповских.

"Мені не күтіп тұрғанын жақсы білемін. Қазақта "көш жүре келе түзеледі" деген мақал бар. Мен көтерген мәселелер ұжымдастарымның арқасында әділ шешіледі деген үміттемін", - деді жас депутат алдағы жоспарларын бөлісе отырып.

Ашық дереккөздерде Геннадий Шиповскихтің 1989 жылы 22 қазанда Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде өмірге келгені айтылады. Ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Шиповских балалар үйіне жіберілген. Балалар үйінен оны қазақ отбасы асырап алады. 2010 жылы ол Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық №5 кәсіби лицейді "Машинист көмекшісі" мамандығы бойынша бітірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети